Сен тұр - мен айтайын!

Бірақ соған талпынбасақ құдай да құтқармайды екен...

  • Бірақ соған талпынбасақ құдай да құтқармайды екен...

    Бірақ соған талпынбасақ құдай да құтқармайды екен...

Теңізді жағалаған бір елде су көтеріліп, топан қаптай бастағанда жұрт кемелерімен қашуға ыңғайланыпты дейді. Құдайдан басқа ешкім құтқармайды деген бір тақуа дұғасын жасап отыра беріпті. Су тізеден асқанда кемемен көршісі кепті. «Мені құдай ғана құтқарады» деп қалып қойыпты. Су белден асқанда тағы бір кемемен алыс туысы келіпті. «Мені құдай ғана құтқарады» депті әлгі пақыр. Су кеудеден асқанда құдайдың құтқармағанын көріп, тақуаға жаны ашыған бейтаныс біреу келіпті. «Ей, тақуа, енді сенің құдайыңнан қайыр жоқ. Кемеде орын бар, шық бері» дейді ғой. «Жоқ, мен бар өмірімді арнап құдайға құлшылық етіп келем. Ол мені құтқарады. Ол құтқармаса мынау пенде сендердің қолдарыңнан не келсін» депті үмітін үзбей.
Не керек, құдайдың емес, өзінің қалауымен арғы дүниеге аттанып кете барыпты. Құдайдың алдына барған соң тақуа наз айтады ғой баяғы «Мен өмір бақи саған құлшылық етіп келем. Бар күнәм үшін кешірім сұрап келем. Осынау өмірімде тек саған ғана сеніп ем. Неге құтқармадың?» деп. Сонда құдай «Мен саған үш рет кеме жіберген жоқпын ба?!» деген екен.
Еурейлердің осы бір анекдотоының астары сұмдық қой. «Анау дұғаны оқысаңыз вирус жоламайды, мына дұғаны бәленбай рет оқысаңыз вирусты өлтіреді. Мына дұға вирусты күйдіріп жібереді екен» деген хат та, видео да, айтушылар да, таратушылар да көп.
Жөн ғой, дұғада болайық. Әрине, бізді қаласа құдай ғана құтқарады. Бірақ соған талпынбасақ құдай да құтқармайды екен. Қаншама асыл ағалардан, аймаңдай азаматтардан айрылып жатырмыз. Күн сайын жетіп жатқан қаралы хабар қабырғамызды қаусатып жатқан жоқ па?!

Алланың қалауы, Алла қаласа жазылам ғой деп көбінде үлкен кісілер ауруханаға барудан қорқады. Жасы үлкен кісілерде (үйлеріңіздегі ата-енелеріңізде) алғаш ару белгілері байқалып, жайсыз бола бастағаннан (тымаудың кез-келген белгісі) емханаға жүгіргеннен өзге жол жоқ, бауырлар-достар! Еуропада, батыста осы аурудан өлім-жітім санының көп болатын себебі, ол жақта қарт адамдар өте көп. Салыстырмалы түрде балалар аз. Қоғамның өзі қартайған. Біздің ел қазір статистика бойынша вирус тарау жылдамдығы ең жоғары елдердің қатарына енді. Бұл сақтанбаудан, жасырғаннан, немқұрайлылықтан боп жатқан сияқты ма, қалай?..
Бүгін тағы бір ағамыздың уақыты келіпті деп жатыр әлемжелі. Алла рақымына алсын! Денсаулығы аса мықты кісі еді. Спортпен айналысып жүретін. Әуелі Алла, одан кейін денсаулығына сеніп қалып, уақытын өткізіп алды ма екен деген өкінішті ой ғой біздікі. Сыртынан қаншама ғайбатын да айттық екен. Құдай өзі кешірсін.


Қайсар Қауымбек
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1149    Пікірлер: 0

бейсенбі, 02.07.2020, 10:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Қараша, 13:13
    Қыз баланың қадірі
    30 Қазан, 08:53
    АНАМ КІМГЕ КЕРЕК?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30