Сен тұр - мен айтайын!

Бірақ солардың бәрі қауіпсіздік шараларын белден басса, коронавирус қайтадан құтырады ғой...

  • Бірақ солардың бәрі қауіпсіздік шараларын белден басса, коронавирус қайтадан құтырады ғой...

    Бірақ солардың бәрі қауіпсіздік шараларын белден басса, коронавирус қайтадан құтырады ғой...

ҚАУІПСІЗДІК МАҢЫЗДЫ

Кешелі бері жүйкеден жүйке қалмады. Алматыдағы бір ҰБТ-ға дайындық орталығына үлкен ұлым барып жүрген. Айына 40 000 теңге төлеп. Наурызда әрең дегенде оффлайнды онлайн сабаққа өзгертуге көндірдік. Мамырда да онлайн болады деп, 25 мың теңгеден алған. Енді кеше 18 мамырдан бастап оффлайнға ауысамыз, орталыққа келіңдер депті. Бүгін орталық қожайынына хабарласып, "Әлі жағдай тұрақталған жоқ. Вирус жұқтыру қаупі әлі де жоғары. Балалар автобустарға мінеді, жабық ғимаратта сағаттап отырады. Қауіпті ғой. Мамырда онлайн болады деген едіңіздер? Балаларды неге жинап жатырсыздар?" десем, "Акимат рұхсат етті, келсеңдер, келіңдер, келмесеңдер, өздерің біліңдер!" деген сарында жазыпты. Леп белгілермен тағы да))) Әңгіменің қысқасы, ол бала: "Орталықта сабақ болады, басымды ауыртпаңыз!" деді. Мұндай орталықтар лицензияны Білім министрлігінен алмайды екен. Жеке кәсіпкер ретінде тіркелетіндіктен, ойларына келгенін істейді... "Қазаннан бері 40 мың теңгеден төлеген қаржымды қайтарып бересің! Беріп жатқан білім сапасы төмен! Тарих пен Ағылшын тілі пәндерінен беретін мұғалімдер кетіп қалды. Ай-Плюс сияқты орталықтар жыл басынан бері келіп жүрген оқушыларына тегін сабақ берді, сендерден тегін сабақ дәметкен жоқпыз, ақшасын төлеп жатырмыз. Клиентпен дұрыс сөйлесе алмайсың, келіімшарттағы міндеттеріңді орындап жатқан жоқсың, сотқа шағымданам!" дегем ғой. Жуасып қалыпты. Карантиннің кесірінен қаржылық жағдайы төмендегенін, қиын тигенін айтып, кешірім сұрады. "Акиматты нақтылаймыз, рұхсат бермесе, оффлайн сабақ болмайды" депті... Ал Инстапарақшаларында "18 мамырда сабақ басталады" деп сүйінші" сұрап қойған. Жалпы қазір кімге оңай? Ешкімге де! Ең бастысы: адамдардың амандығы. Ол орталыққа баратын балалар автобустарға мінеді. Ал қоғамдық көлікте ауру да, сау да жүреді. Автобустан түскеннен кейін орталыққа, жабық ғимаратқа барып, басқа балалармен араласады. Коронавирурсты жұқтыру үшін 15-ақ минут жетеді! Бір бала басқа балаларға жұқтырады, сосын үйіне апарады вирусты, үйіндегілерге жұққаннан кейін вирус таяқшаларын көрші-қолаң, таныс, таныс еместер "алып кетеді"... Қауіпті ғой. Рас, үкімет өзін өзі қамтамасыз етіп отырған ағайынның шекесін қыздырып отырған жоқ. 42500 теңгенің өзін "жыр" қылды. Не көмек жоқ, не жүріп тұрған бизнесі жоқ, қиналып отырған кәсіпкерлер мыңдап саналады. Бірақ солардың бәрі қауіпсіздік шараларын белден басса, коронавирус қайтадан құтырады ғой... Ақша табамын деп басқалардың өміріне, тағдыры мен денсаулығына немқұрайды қарауға болмайды! 




Көрілген: 567    Пікірлер: 0

жұма, 15.05.2020, 08:18

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30