Сен тұр - мен айтайын!

БРАТАН, "АПАШКА" ЕМЕС, "АПА" ҒОЙ!

  • БРАТАН,

    БРАТАН, "АПАШКА" ЕМЕС, "АПА" ҒОЙ!

Қазір ана тілімізге "жаңа қазақ тілін" енгізгісі келіп жүргендер көп. Олар шұрайлы тіліміздің әр сөзіне балама іздеп әуре: брат, братан, базар жоқ, реально айтты, жарды, жыртты, өшті, лапша ілді, мат болды деген тіркестер соның дәлелі. Түсінбесеңіз, "аударып" берейін. "Базар жоқ" - айтуға сөзім жоқ, тамаша, өте жақсы, керемет дегені; "сындырды" - жігіт қыздың көңілін өзіне аударды, келісімін алды, қаратты, күшпен ақша жинап алды дегені, "лапша ілді, құлақтан тепті, қоянның суретін салып кетті" - алдап кетті, сазға отырғызды дегені, "картопты жарды" – әзілдеді дегені, "тартыл" - қатарға қосыл, кел дегені, "бітіп қалдым" – ғашық боп қалдым дегені, "жыртты" - өз дегеніне жетті, мақсатына қол жеткізді, таң қалдырды дегені, "қораға кірді" – сәтсіздікке ұшырады дегені, "мына қыз «ат» екен" - мына қыз сұлу екен дегені, "прикол ұстады" – мазақ етті, келеке қылды дегені, "мат қылды, өшірді" - жеңді дегені...

Енді үлкен кісілерді "аташка", "апашка", "әжешка", "әпшека", "ағашка", "жеңгешка" деп ныспылау жаппай етек алып бара жатқан сыңайлы. Бұл солтүстіктегі көршіміздің "дедушка", "бабушка", "братишка", "сестричка" дегенінен туындаған қаратпа сөздер сияқты...

Апаларымыз не дер екен? "Апашка" деген ұнай ма екен оларға?


facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 1147    Пікірлер: 0

жексенбі, 27.10.2019, 14:27

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30