"Братуханың" мұрнын бұзатын едім...
Вокзалға жеткен соң, телефонымды қалтама сала сап, пойызға асыққам. Есік алдында әлдекім сүріп өткен еді. Артынша сезіктеніп, қалтамды қарадым. Телефоным жоқ боп шықты...
Енді үйге кеп, телефоным жоғалды деп жатсам, үш балам үш жақтан ақыл айтып кетті. Кәусар: «Айттым сізге, бетіне код қойып қояйын деп. Рұқсат бермей қойдыңыз. Коды болса, ешкім аша алмас еді».
Құбылай: «Мені ертіп бармадың ба, ол «братуханың» мұрнын бұзатын едім». Нұржамал: "Мен болсам, ол ағаның қолын тістеп алар ем"... Айза әзірге бақырайып қарап отыр. Ол да тілі шыққан болса, бірдемесін айтып, ақыл үйрететін еді.
Ал мен вокзалға осы қорғаушыларымды ертпей, жалғыз барғаныма өкініп қалдым...
Назира Байырбек
Facebook-тегі парақшасынан
Жұлдыз
Радиосы