Сен тұр - мен айтайын!

Бірді-екілі халал афера істегенімді айтып салдым

  • Бірді-екілі халал афера істегенімді айтып салдым

    Бірді-екілі халал афера істегенімді айтып салдым

Өзінің рұқсатымен


Осыдан 8-9 жыл бұрын тас шайнап, құм түкіріп жүрген жас кезімде бір ресторанда security болғанмын... Бір әріптес жігіттің қолының сұғанақтығы бар-тын. Жұмысқа арақ-шарап, қорап-қорап темекі ұрлау үшін келетіндей көрінетін. Сол сұғанақтығы үшін әр кез сөзге келіп қалатынбыз.


Кейіннен: "блә, з.б қазір сенің честныйлығың ешкімге керек жоқ. Қолда бар ма?! Істеп қалу керек" деп күйіп-пісіп, мен ұрлауға жол бермегендіктен менімен бірге сменге түспейтін болды. Жұлдызымыз қарсы болғандықтан одан қайта сөйлеспек түгілі, көрген жерде "ассалаудың" өзін ниетсіз айтатынбыз.


Кейін сол мейрамханада бір ықпалды ағаның назарына ілігіп, өз алдына кәсіп ашып кетті. (Біз сияқты бұзау емес, схваткасы мықты еді) "Әй' сүкә..." деп жеткен жетістігін көре алмай, іштен тынып мен қалдым. Биіктеп бара жатқанын естіген сайын: "әй'сүкә" деп қайталаудан жалықпағанымды жасыра алман...


Араға бірнеше жыл салып, бүгін ойламаған жерден сол әріптес жігіт хабарласты. Сонау бір замандағы "честныйлығымды" негізге алып, өзіне бір шаруаға серіктес болуымды өтініп тұр... Ойлануға уақыт сұрап, қазір бұрынғыдай честный емес, бірді-екілі халал афера (игі мақсатта) істегенімді айтып салдым.


"Халал афера" деген сөзіме ішек-сілесі қатқанша күліп: "Мирка, сен бұрынғыдай честный боп жүре берші. Сол честныйлығың үшін хабарласып тұрмыз ғой. Отвечаю сенің сол честныйлығың биікке жеткізеді..." деп қош айтысты...


Бұл жағдайдан ғибрат алып, жұрт сияқты қулық-сұмдық арқылы бақытты жандардың қатарына қосылғым келіп жүрген ниетімнен бірден айнып, түзу жолмен жүре берейін деп шештім.


Тәпсірші түзелді, оқырман, сен де түзел" 


Аяз Би

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1801    Пікірлер: 0

сейсенбі, 20.08.2019, 18:02

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31