Бірде мен қатты жыладым
Жылағымыз келеді ғой... Осы бізге жылау пайдасыз һәм орынсыз деген ойдың сіңгені сонша, ендігәрі қажет кезінде жылауға да ұялады/арланады екенбіз дейм де. Жылау біздің адамның жанына жат сияқты қазір. Жылау пайдасыз да шығар. Бірақ, бұл қатайып бара жатқан жүректерді жібітудің басқа жолы бар ма еді өзі?! Неліктен жылай алмайтын болдық осы?
Бірде мен қатты жыладым. Еңіреп жылағаным сонша, соңында күле бастадым. Бірде қатты күлдім. Тоқтаусыз күлгенім сонша, соңында өзімнен-өзім еңкілдеп жылай бастадым. Сол кезде, күлу һәм жылаудың абсолют мәні мен түп болмысы бірдей күйде екенін түсіндім. Ойлаушы едім. Неліктен бұ күндері біздің ұлттың санасы "арзан" күлкіден аса алмай қалды деп. Не үшін көретіні де, оқитыны да, тыңдайтыны да сол күлкінің айналасынан шықпай қалды деп. Сөйтсем, біздің жарым көңіл жарлы ұлтымыз сол күлкінің түбіне барып өзінің осы күйіне бір еңіреп жылап алуды аңсайды екен-ау.
Еее, жаным қазағым-ай... Негізі, бәріміз де жылағымыз келеді екен ғой біздің...
Фейсбуктегі парақшасынан