Сен тұр - мен айтайын!

Бірден байып кетуге деген құштарлық осы біздің ұлттық мінезіміз емес пе екен?

  • Бірден байып кетуге деген құштарлық осы біздің ұлттық мінезіміз емес пе екен?

    Бірден байып кетуге деген құштарлық осы біздің ұлттық мінезіміз емес пе екен?

Такси


Астананың таксистеріне үйренісе алмай жүрмін. Алматылықтар сияқты емес. Елорданың шенеуніктері секілді бұлар да анау-мынауды менсінбейді екен. Тұрып жатқан үйім Есілдің жағалауында, депутаттар қалашығы. Қаланың арғы бетіне де, берге бетіне де жап-жақын. Бірақ таксиі у. Үй мен кардиологиялық орталықтың арасы қазақша өлшеммен алсақ "таяқ тастам" ғана жер. 3-4 шақырым болып қалар. Индрайвер арқылы 700-800 теңгеге машина шақырта аласың. Жаңа аудан болғасын ба, қоғамдық көлік мұнда қатынамайды екен. Өткенде Юго-Восток деген жаққа баруым керек боп қалды. Үйден шықтым да, бірінші рет, яндекс-такси арқылы көлік шақырттым. Шыққан жерімді көрсетіп, одан кейін "Қайда" деген жеріне "Юго-Восток, пәлен көше, пәлен үй" деп мекенжайды көрсеттім. Яндекс индрайвер секілді емес екен. Бірден "450 теңге" деп бағасы да шыға келді. "Арзан екен ғой!" деп қуанып қалғам. Әп-сәтте тапсырысым қабылданып, қара "Приора" мінген бір жас жігіт жетіп келді. Алдыңғы орынға жайғасқаным сол: "Енді қай үйге апарайын?" дейді. "Әй, ана жерде "Юго-Восток" деп жаздым ғой!" деймін. Сөйтсем, о, Құдай! Шыққан үйімді және баратын жерімді де "сол үй" деп көрсетіп қойыппын! Мына такси мені шыққан үйімнің есігінің алдынан мінгізіп, қайта сол үйге түсіріп кету үшін келіпті! Яндекс-таксиге мінгеннен бастап, ақысы 450 теңге екен. Одан ары қарай счетчикті қосады. Шақырымына 50-70-100 теңге деп коэфицентпен көтеріле береді. Не керек, Юго-Восток деген де жердің түбі екен. Ананың счетчигі де біраз опырып тастады.

Клиникадан қайтарда көбінесе уақыт екінтіге тура келіп қалады да, "Нұр-Астана" мешітіне соғам. Сосын, жаяулатып, "Керуенге" келем. Ол жердегі шаруаларымды бітіргесін, индрайверге 600 теңгеге тапсырыс берем ғой. Қашықтық 7-8 аялдама ғана. Содан, қызу сауда басталады. "1200", "1050", "950" деп таксистер ставканы көтере бастайды. Ең арзаны "850" немесе "800" болып шығады. "Әй, кетіңдерші!" деймін де, көпірге қарай жаяу тартам. Алматыда болса ғой, 600 теңгеге қаланы алты рет айналдырмаса да, о шетінен бұ шетіне апарып тастар еді. Мыналарда қанағат жоқ екен. Жоғарыда тонап жатқан шенеуніктерге ренжиміз ғой. "Жалпы, біртіндеп емес, бірден байып кетуге деген құштарлық осы біздің ұлттық мінезіміз емес пе екен?" деп ойланып қалам).


Тоқтар Жақаш

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 707    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.04.2019, 15:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Мамыр, 16:01
    Ифтар емес, Ауызашар
    4 Мамыр, 10:49
    Қалжа ма, гүл ме?
    29 Сәуір, 11:02
    ТҰҚЫМЫ БӨЛЕК БӘЙГЕ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31