Брежневтің көлеңкесінде жүрген бəйбішесі шын мəнінде генсектің бақыты болыпты

01 қараша 2018, 12:14

БРЕЖНЕВТІҢ БƏЙБІШЕСІ

Қызылорда обкомының ұзақ жылдар 1-хатшысы болған Исатай Əбдікəрімовке өткен ғасырдың 70-жылдарының басында Социалистік Еңбек Ері атағын генсек Брежневтің өзі Кремльде табыстайтын болады. Қонаев ақыл қосып: "Леонид Ильичке бір сыйлық ала барғаның жөн" дейді. Мəскеуде Исатай ағамыз айды аспаннан келтіріп, Брежневті əйелімен бірге мейрамханаға шақырады. "Мынау обком хатшысы не деген жүректі адам" деп таңқалған Брежнев шақыруды қабыл алады. Кетерінде Исекеңнің бəйбішесі СССР-дің бірінші ледиі Виктория Петровнаға əкелген сыйлығын тарту етеді. Онысы құйма алтын болып шыққанын үйіне келген соң бір-ақ білген Брежневтің бəйбішесі Исатай ағамызға "бір затыңызды ұмытып кетіпсіз" деп қоңырау шалып, құйма алтынын қолына ұстатыпты. Осыны естіген Қонаев " есте қалатын бір қарапайым сыйлық апарғаныңда болар еді ғой" деген екен басын шайқап. Өмір бойы Брежневтің көлеңкесінде жүрген бəйбішесі шын мəнінде генсектің бақыты болыпты.

Төреғали Тәшенов
Фейсбуктегі парақшасынан