Сен тұр - мен айтайын!

Біреу жаңадан алған үйін, біреу жалаңаш күйін көрсетіп жатады...

  • Біреу жаңадан алған үйін, біреу жалаңаш күйін көрсетіп жатады...

    Біреу жаңадан алған үйін, біреу жалаңаш күйін көрсетіп жатады...

Инстаграмға кірсең, жарқ-жұрқ еткен өмір: біреу жаңадан алған үйін, біреу жағажайда жатқан жалаңаш күйін көрсетіп жатады. Соған қарап бүкіл бәріміз осы бір қарны тоқ, уайымы жоқ, кекірік атып отырғандай сезініп кетеді екенсің.

 

Алайда бәріміз бір заманда, бір өмірді кешіп жатсақ та, тағдыр деген әрқилы ғой. Дәл бүгін, мына заманда да әлі қара сылағы қақырайған үйде, бала-шағасына кешке не тамақ істерін, азынаған суық үйін жылытайын десе, пешке не жағарын білмей отырған да жандар бар...

 

Күні кеше ортақ чатқа сондай бір келіншектің жағдайын тастады біреу. Өзі автомойкада істейді екен. Күйеуі ауру. Шиеттей бала-шаға. Қала берді, кішкентайы комаға түсіп қалыпты... Белгілі ғой күйі... Әркім өз қал-қадірінше шотына ақша жіберді де, "ойбу..." деп қала бердік.

 

Содан бүгін тағы сол ортақ чатқа әлгі келіншектің қолыңда пакет-пакет азық-түлік, арт жағында түсірілген көмір жатқан мәз боп тұрған суреті кеп тұр. Сөйтсек, өзі кеше "туған" біздің Алия екен, әлгіні көріп шыдап отыра алмай, дереу әлгіндей сый жасаған. Текке кафеге құртқанша сөйтейін дедім деп қояды. Өзі мәз кәдімгідей.

 

Қарап отырып, "расында, неге осыны үлгі етпеске? Туған күнімізде шүкіршілік деп, неге осындай мұқтаж жандарға сыйлық жасамасқа?!" деп ойладым. Адам көп пе, туған күн көп пе? Былайша да жасауға болады... Егер әрине өзімізден артылып жатса. Титтей әйтеуір біреудің аузын көкке іліндіру ғой. Одан байып кете қоймас. Дегенмен тамшыдай болсын, үлес қой.

 

Текке аста-төк дүниемізбен мақтанып, солай жарысқаннан, жақсылық жасап жарысқан жақсы емес пе?!.

 

 

Mариям Абсаттар

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 3387    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.11.2020, 13:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Қаңтар, 09:52
    Өлім оған - Бостандық
    31 Желтоқсан 2020
    Кто бинабат?
    17 Желтоқсан 2020
    Жігіттер, мал болмайық!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31