Біреу сүрінсе болды... Әрі қарай бәріміз оны жабылып құлатамыз

Біреу сүрінсе болды... Әрі қарай бәріміз оны жабылып құлатамыз

Біреу сүрінсе болды... Әрі қарай бәріміз оны жабылып құлатамыз. Сосын құлап жатқан бейшараны тұрғызу қайда, керісінше кезекпе-кезек буындырып, өлмесіне қоймаймыз... Ал сосын "өлген адам сөйлемейді" ғой, кінәні өзіне жаба саламыз....

 

Ащы. Бірақ шындық. Мына отырған Сіз бен біз құзғынбыз. Кәдімгі өлексе аңдыған. Аяштың өлімі - соның бір ғана мысалы. Қала берді, Қабатовтың қаршадай қызы. Оны да қазір талап жеп, уже осы елде оқи алмайтындай, тіпті жер басып жүре алмайтындай етіп тастауға барымызды салып жанталасып жатырмыз.

 

Ойпырмай, біреудің мінін бетіне басуға келгенде бізден өткен сот жоқ қой.

 

Ау сонда өзімізде мін жоқ па? Әлде, оны Құдай кешіре салады да, жұрттыкін кешірмей ме?

 

Білмеймін, біз қашан, қай кезден бастап осындай күншіл, сыншыл, міншіл, "турашыл" боп алдық?

 

Әлде адам адам болғалы осындай ма едік?

 

Мейірім жоқ бір-бірімізге деген.

 

Жанашырлық жоқ.

 

Тек жаншып тастауға әзір тобыр бар.

 

Ұлт емес, жұрт емес, тобыр.

 

Кешіріңіздер, кейінгі кездері біздің ісіміз осыған саяды...

 

Еее... "бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың" деп қайран Абай осы жұртпен алысқан екен ғой...

 

Өтінем, мұндай болмайықшы, өсіп келе жатқан ұл мен қыз бәрімізде бар.

 

Соларға кесірі тимесін десек, біреудің алдын кесе көлденең өтпей, біреуге қиянат жасамайықшы.

 

Құлатпас бұрын, таламас бұрын "бұл да бір адам ғой" деп ойлайықшы... Оның жүрегін ойлайықшы. Біреудің жасаған күнәсі үшін ешқашан біреу жауап бермейді. "Тозақта отын болмайды, әркім өз отынын өзі арқалап келеді" деген сөз бар қасиетті Құранда.

 

Ендеше, біз күндемесек те, жүндемесек те, олар кезі келгенде жауап береді өз ісіне. Жалпы бәріміз жауап береміз, әрқайсымыз өзіміз үшін.

 

Олай болса, бес күн жалғанда бет жыртысып не керек?

 

Сыйласып өткенге не жетсін?!.

 

Көріп отырсыздар ғой, онсызда өмір тым қысқа. Бүгін бар адам ертең жоқ. Кезек бір күні бізге де келеді. Сондайда тым құрыса, артымызда "жақсы адам еді" деген шынайы бағамыз қалсыншы.

 

Басқа түк те емес...

 

 

 

Mариям Абсаттар

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста