Сен тұр - мен айтайын!

Біреуден естігенді желіге жаза беретіндей мені ақымақ санағаныңызға қынжылып отырмын

  • Біреуден естігенді желіге жаза беретіндей мені ақымақ санағаныңызға қынжылып отырмын

    Біреуден естігенді желіге жаза беретіндей мені ақымақ санағаныңызға қынжылып отырмын

"Құлды "Бәрекелді" өлтіреді" деген мәтелді "Ақымақ құлды "Бәрекелді" өлтіреді" деп өзгертеміз-ау, осы..


Осыдан біраз күн бұрын біреу "Шәй ішейік" деп телефоныма қоңырау шалған. Өңіріміздегі бір іргелі ЖОО-ң профессорымын деп таныстырған азамат мені фейсбуктен біледі екен (Кейбір постарыма лайк басып тұратын көрінеді), бір-екі жиналыста сыртымнан көріпті..

Қысқасы танысқысы келеді..

Танымайтын адамның шәйін ішпеуге тырысатын иттігім бар ғой..

Өзімнің ашық аспан астындағы "офисім" - Бәйтереков гүлзарына шақырдым. 


Кездескенде білдім - жәй профессор емес, айтуынша ғылым докторы, кафедра меңгерушісі, Қазақстанның пәленбайтану ғылымында өзіндік орны бар көрнекті ғалымдардың бірі көрінеді. Өзін таныстырып болған соң, менің де құйрығыма көпшік қойып, "патриотсыз" деп біраз мақтап алды..

Ауыл-елдің амандығынан кейін бірден Сириядан Украинаға дейінгі жаһандық саясатты бір шолып, елге "оралдық")

Барлық саланы дендеген жемқорлық туралы прелюдиядан соң, өзі істейтін ЖОО-ы моральдық-психологиялық ахуалды сипаттауға кірісті..

Айтуынша, осыдан бірер жыл бұрын тағайындалған ректор жемқорлығына қоса, жершіл-рушыл көрінеді. Айналасына туыс-жекжаты мен өзіне берілген адамдарды жинап жатқан көрінеді. Бұл кісі секілді "қара қылды қақ жаратын шыншыл" азаматтар қудалауға түсіпті..

- Бұл ректор келмей тұрғанда қызметіңіз не еді?

- Ол кезде де кафедра меңгерушісі едім.. Мені жақтырмайды. Мүмкіндік туса қуып шыққалы жүргенін сеземін! - деді сұрақтың мәнін түсінген қу..

Қызметін тартып алмаса қай жері "қудалау"? Мынанікі "Қорыққан бұрын жұдырықтар" дегеннің кері-ау - деп мен отырмын..


Бастан біраз нәрсе өткергенбіз..

Өзгенің қолымен от көсеушілер де, от көсеуге тырысушылар да жетерлік екенін білемін..

- Ойбай, құқым аяққа тапталды! - деп еңіреп келген мұғалімдер, проблеманы көтергенде өздерінің фамилияларын атамауды өтінетін.

Кейбірі ашуы басылған соң айтқан сөздерінен тайқып кетіп, ұятқа қалған жағдайларым жетерлік.

Сол есіме түсіп, мұның бәрін маған неге айтып отырғанын ақырын сұрадым..

- Қай бір күні министрмен кездескеніңізге қарағанда сізді біраз адам таниды. Фейсбуктегі постарыңызға пікір жазатын адамдардың да қарасы көп.. Біздің проблеманы сіз жазсаңыз көп адам оқыр дегенім ғой..

- Мұндай проблеманы сіз жазсаңыз да көп адам оқиды. Өзіңіздің жазғаныңыз дұрыс қой..

- Білесіз ғой, Өмеке... Положение бар, балалардың қызметі бар дегендей..

Сіз секілді болсам жазар едім ғой! - деп күмілжігенін естігенде қаным басыма шапшыды..


Бұрын да "Сізге жоғалтатын ештеңе жоқ. Сосын ғой, батырсынып жүргеніңіз" дегенді кішігірім бастықсымақтар мен өздерін "журналист" атайтын кейбір таныстардан естігем ғой..

Бірақ ғылым докторы, профессордан сондай сөз күтпеп едім..

Өзімді қолға алып

- Түсінсеңіз, карьера мен еркіндік деген дилемманың арасынан мен еркіндікті таңдағам..

Сіз секілді профессор бола алмасам да, бір мектептің директорлығына ие болуға биографиям да, географиям да мүмкіндік береді. Бірақ мен мұғалім болып жүрмін. Пафос деп түсінсеңіз өзіңіз білесіз - менің өмірлік мұратым мұғалімдікті ел сыйлайтын мамандық дәрежесіне көтеру..

Оның үстіне жеке адам туралы жазу менің қолымнан келмейді. Осыдан оншақты жыл бұрын мені "тоқылдақ" деп айыптаған бұрынғы бастығыма "Жейтініңді білем. Бірақ есепке шорқақпын. Қай жерден, қалай жейтініңді білмеймін. Сондықтан үстіңнен арыз жазған емеспін" деп бетіне айтқам. Кейін қысым күшейгенде жазуға мәжбүр болдым. Бүкіл ұжым білетін нәрсені тексерушілер анықтай алмады. Одан бері заң өзгерді. Желіде жазған әр сөзімізге жауап береміз. Біреуден естігенді желіге жаза беретіндей мені ақымақ санағаныңызға қынжылып отырмын. Одан бөлек "мораль" деген бар. Өмірінде көрмеген адам туралы жазатын "патриотты" өзге жақтан іздеңіз..

Аман болыңыз! - деп, тұрып кетіп қалдым..


Әлгі профессордың айтқандарын ой елегінен өткізіп, біраз күн пауза ұстадым...

Өзімше, профессорды ақтап алғым келді...

Ақтайтын себеп таппадым..

Мүмкін сіздер табарсыздар?


Өмір Шыныбекұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1160    Пікірлер: 0

жұма, 12.07.2019, 13:07

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Қыркүйек, 10:28
    Мейрамбек синдромы...
    3 Қыркүйек, 23:07
    Нағыз харами-поза
    2 Қыркүйек, 12:58
    «АНАНЫ ҚАРА, АНАЛИЗ!»
    1 Қыркүйек, 12:33
    Уақыт неткен қатал...
    20 Тамыз, 11:50
    Ислам және қисын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30