Сен тұр - мен айтайын!

Біреудің бала таптырғаны жаңалық емес...

  • Біреудің бала таптырғаны жаңалық емес...

    Біреудің бала таптырғаны жаңалық емес...

Қазақтың өзі - сорлы, маңдайының сорын бес елі қылатын - өзі.

 

Бүгіндікке желі бетінде Қыдырәлінің қызды болғаны жаңалық болды. Әйелі Қарақат әнші болған соң ғой, әйтпесе, ауылдың да, қаланың да қай келіні шет қалып еді. 10 баланы туса да үндемей отырғаны жетеді.

 

Әнші біткеннің неше рет "түсіп-шыққаны" мен туып жатқаны ғана тікелей эфирден берілмейді, қалғаны құдайға шүкір, түгел жұрт алдында, ешкімнің ешкімге өкпесі жоқ.

 

Жә! Енді ол жаңалық қалай тарады де: "Қыдырәлі мен Қарақат ТАҒЫ ДА ата-ана атанды". Көкетайлар, оларды анааау тұңғыш ұлы ата-ана атандырып қойған, болды. Бұдан кейін тағы он балалы болса да қайта ата-ана болмайды бұлар.

 

Қарақат алтыншы рет ана болды дегенше, Қарақат алтыншы баласын тапты демей ме. Қыдырәлінің алтыншы перзенті дүниеге келді де ақыры баланың санын баттитқың келеді екен.

 

Өздері де былқ етпейтін сабаз! Әйтпесе, баяғы қазақтың кемпір-шалындай бала санын бақырайтып айтып-жазып жатқандарға: "ТЕК!"- дер еді.

 

Неше бала тапқанын жар сап айту да дарақылыққа айналып барады.

 

Аман болсын, бірақ қандай болып жетіледі? Тіл мен сұқ тағы бар...

 

Ал, "журналюгалар", ренжімеңдер... Нағыз журналистерге біреудің қатынының бала тапқаны мен таптырғаны жаңалық та емес... 

 

Айгүл Болатханқызы
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 3882    Пікірлер: 0

бейсенбі, 03.09.2020, 18:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қазан, 02:26
    Бір түрлі елміз иа?
    20 Қазан, 10:36
    Әйел - әззәзіл ғой...
    30 Қыркүйек, 12:55
    Оздық па, тоздық па?!.

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31