Сен тұр - мен айтайын!

Біреудің байында, баласында, баспанасында шаруасы жоқ

  • Біреудің байында, баласында, баспанасында шаруасы жоқ

    Біреудің байында, баласында, баспанасында шаруасы жоқ

Шопыр ағамен диалог. Қаз қалпында.
- ...Күйеуіңсіз не істеп жүрсің мұнда?
- Күйеуіммен келгенде не істеймін сонда?
- Әйелім менің рұқсатымсыз аттап баспайды?
- Мен рұқсатсыз жүрмін дедім бе?
- Еркек әйелден бір саты жоғары болу керек, соны білмейсің бе?
- Мен бір саты емес, бірнеше саты жоғары қоятынымды сіз білесіз бе?
- Әйелдің сыртта жүргені жақсы емес. Үйден береке кетеді.
- Іште жүрген әйелдің бәрі үйге береке кіргізіп жүргеніне кепілдік бере аласыз ба?
- Кімсің? Руыңды айтшы?
- Орта жүз, қоңыратпын.
- А, бәсе, қоңыраттан қорық деген бар. Сенен қорқу керек екен.
- Жеке басымның мәселесін талқылап болып, енді руыма көштіңіз бе?
- Біз адаймыз. Бұрын қоңыратқа қыз бермегенбіз, қыз алмағанбыз. Қазір ғой, кім көрінген алады.
- Сонда қоңыраттар кім көрінгендер ме?
- Әулетімізде қоңыраттан келін бар. Маған ұнамайды.
- Сізге ұнау міндетті ме? Бауырыңызға ұнаса болды емес пе?
- Мамандығың не?
- Радиожурналист.
- ... солай де ...осы жерден түсіп қаласың. Анау жерде сен сұраған обмен валюта бар.
- Рақмет, сау болыңыз.
П.С..: Дәл осылай пікір таластырып отырып жол сөмкем көліктің багажында қалып кетті. Каспимен ақша аударған нөмеріне хабарласып қайта алдырттым. Сол үшін де ақы алды.
Ешқандай түйін сөз айтқым келмейді. Пікір алмасу қаз қалпында жарияладым. Төреші өздеріңіз. Бір нәрсе ғана қоса салайын: дәл осындай еркек кіндіктерді көргенде жолдасыма деген құрметім артады. Біреудің байында, баласында, баспанасында шаруасы жоқ. Қоғамның тірлігіне емес, тірілігіне үлес қосып келе жатқан адам.
Ірі болайық, тірі болайық!

facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 4790    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.06.2021, 18:28

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Маусым, 12:47
    Маска шоуына бес тиін
    6 Маусым, 09:53
    Не деген феминизм,ә?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31