Сен тұр - мен айтайын!

Біреудің уақытын ұрлау - қиянат, барып тұрған мəдениетсіздік

  • Біреудің уақытын ұрлау - қиянат, барып тұрған мəдениетсіздік

    Біреудің уақытын ұрлау - қиянат, барып тұрған мəдениетсіздік

Уақыттың да бағасы бар. Өйткені ол өлшеулі. Оны біреуден қарызға ала алмайсың. Тəуліктің əр сəтін есептеп, тəртіппен жұмсамасаң, өтеуі қиын. Əсіресе жан алысып жан беріскен бүгінгі нарық заманында уақыттың құны барған сайын қымбаттай түскен. Мұны түсіну үшін супер мəдениетті болудың немесе тым білімді болудың қажеті жоқ. Өмір өзі-ақ жөн сілтейді. Бұра тартсаң ұтылғаның. Есең кетті дей бер.

Біреудің уақытын ұрлау - қиянат, барып тұрған мəдениетсіздік! Қазақтелеком осыны түсінбей ме, əлде бұлардікі *өтензорлық па? Өзіңіз телефон шалып көріңізші. Керек адамыңыздың даусын естігенше мың-милион жарнама тыңдайсыз. Керек пе ол сізге? Мұны сұраған жан бар ма? Жоқ! Ендеше неғылған қиянат бұл?

Ал өздері өліп бара жатса бір минуттың ақысын жібермейді. Қызметін шарт дегізіп кесіп тастайды.

Үш күн болды, телевизорымның бетіне "15 000 теңге қарызың бар" деп, бадырайған жазулар шығады да тұрады. Қызмет ақысын төлеуге келгенде менен ұқыпты жан жоқ шығар. Неғылған қарыз? Біле қояйын деп телефон шала қоймаймын ба? Ойпырмай десеңші! Ығырым шықты! Қайдағы-жайдағы жарнама, бітсеші қане! Құрып кетсінші! Офисіне барып, төлем түбіртектерімді көрсетіп, разборка жасап қайтасам болмас.


Гүлмәрия Барманбекова

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 765    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 28.10.2019, 11:28

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30