Бітетін өмірдің рахаты үшін, күтетін өмірдің ләззатынан айырылып қалмайық, досым!
Қажымұхан Абзалов
55 мин. ·
Екі түрлі мұсылман көрдім...
Бірі - иманы кәміл, құлшылығы бүтін, намазы түгел, Меккесіне барған, мешітінен қалмаған, садақа үзбейді, тек сауап іздейді. Бірақ, Алладан қорқады. &ldquoАмалым қабыл ма?&rdquo &ldquoКүнәм кешіріле ме?&rdquo &ldquoРаббым разы ма?&rdquo &ldquoЖәннат бұйыра ма?&rdquo - деген ойлар мазалайды да жүреді. Осы уайыммен ары қарай сауапты іс жасайды, дұғасын көбейтеді, жақсылықта жарысады.
Ал, бірі - орындаған парызы, құтылған қарызы жоқ, қылған намазы, ұстаған оразасы жоқ. Қиялы қыз, арманы ақша, көргені қызық, көздегені дүние. Бірақ, Алланың мейірімінен қатты үміттенеді. &ldquoЖүрегім таза&rdquo, &ldquoешкімге зияным жоқ&rdquo, &ldquoбастысы адалмын&rdquo, &ldquoешкімнің ақысын жемеймін&rdquo &ldquoішпесем, шекпесем болды&rdquo - деген жалау сылтауы көп. &ldquoАлла - кешірімді, кешіреді, Алла - мейірімді, түсінеді&rdquo - дейді. Және осы үмітпен ойын-күлкісін, жүріс-тұрысын жалғастыра береді. &ldquoКөріп алайын, жиып алайын&rdquo - деген құмарлық оны жатқызбайды, жайнамазға құлатпайды.
Екеуі ді мұсылман. Біріншісі құлшылықта, бірақ ақыреттік үміт пен қияметтік қорқынышта, екіншісі тіршілікте, жалған үміт пен дүниелік рахатта.
Қайран Абайдың: &ldquoКімде-кім ақыретте де, дүниеде де қор болмаймын десе, білмек керек; еш адамның көңілінде екі қуаныш бірдей болмайды, екі ынтық құмарлық, екі қорқыныш, екі қайғы да бірдей болмайды&rdquo - дегені осы екен.
Бітетін өмірдің рахаты үшін, күтетін өмірдің ләззатынан айырылып қалмайық, досым! Саған айтып отырмын...
facebook.com парақшасынан