Сен тұр - мен айтайын!

Бұдан ақша аясақ ертеңіміз бүлінбек

  • Бұдан ақша аясақ ертеңіміз бүлінбек

    Бұдан ақша аясақ ертеңіміз бүлінбек

Осыдан екі ай бұрын Алматыдағы немерем үйде бір ай болып кетті. 5-6-лардағы "жігіт" қой, кейде кітап оқиды, кейде теледидар көреді, кейде айпадқа отырады, кейде айфонмен ойнағандай болады, кейде әңгіме-дүкен құрамыз. Алматысына кетер алдында немерем шүлдірлеп орысша сөйлейтін болды. Өз үйінде де, біздің үйде де бір адам орысша сөйлемейді. Бәрі қазақи. Алматыға бара сап орысша сайраған ғой. Әке-шешесі аң-таң. "Орыстың өзін қазақша сөйлетуге тырысатын" атасының үйіне барып орысша үйреніп келді деген сұмдық соққы болып тиген ғой. Оны қойшы, ер жетіп келе жатқан бала, бірнәрсені білуге ұмтылады деп қоялық. Жаңа ғана екіге жете қоймаған әлі тілі анық емес ұлым кітаптағы түрлі-түсті нүктелерді нұқып, басқа бір тілде сөйлеп жүр. Әр түсті өзінше "өз тілінде" түстеп қояды. Анасынан сұрасам "бұл - ағылшынша" дейді. Қайдағы ағылшынша?! Сөйтсем, ол да айфон мен айпадты пайдаланады екен. Сонша көп отырғанын көрген емеспін. Өйткені бала сәл ойнайды да, екіншісіне ауысып кетеді ғой. Теледидар көреді. Көргенде де мултьфильмдерге құмарлау. Біз кейде ата-аналарға ренжіп жатамыз, баласымен қазақша сөйлеспейді деп. Қазақша тәрбиелемейді деп. Біз тек қазақша сөйлейміз, тәрбиеміз де сол. Бұдан мынадай ой туады: телефон, айфон, айпад, смартфон, теледидар қазақша сөйлемей, болмаса, қазақша тұшымды, қызықты бағдарламалар жасамай балаларымыздың тілі дұрыстала қоймас. Тіл комитетінің жұмысы енді басталды, бізде қазір сөздіктер жетеді, оқулықтар жетеді (егер оны оқитын адам болса), енді балаларды қызықтыра отырып ұлттық құндылықтарды меңгеруге тәрбиелейтін қазақтілді бағдарламалар керек. Бұдан ақша аясақ ертеңіміз бүлінбек. Балаларға арналған қазақша танымдық-ағартушылық бағдарламалар, анимациялық озық үлгілер болмай балаларымыздың көрген күні осы.

Бұл жазбаны осыдан тура екі жыл бұрын жариялаған екенмін. Жаңа ФБ-дағы достар еске салып жатыр. Бұл туралы ой-пікірім әлі өзгере қойған жоқ.


Дүрәлі Дүйсебай

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2001    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.07.2019, 09:56

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Қыркүйек, 10:28
    Мейрамбек синдромы...
    3 Қыркүйек, 23:07
    Нағыз харами-поза
    2 Қыркүйек, 12:58
    «АНАНЫ ҚАРА, АНАЛИЗ!»
    1 Қыркүйек, 12:33
    Уақыт неткен қатал...
    20 Тамыз, 11:50
    Ислам және қисын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30