Сен тұр - мен айтайын!

Бүгінгі жауапсыздығымыздың, бүгінгі немкеттілігіміздің салдары ертең-ақ өзімізге таяқ болып тиеді

  • Бүгінгі жауапсыздығымыздың, бүгінгі немкеттілігіміздің салдары ертең-ақ өзімізге таяқ болып тиеді

    Бүгінгі жауапсыздығымыздың, бүгінгі немкеттілігіміздің салдары ертең-ақ өзімізге таяқ болып тиеді

ҚҰРЫЛЫСШЫНЫҢ ӨКІНІШІ


Өмір бойы үй тұрғызумен айналысқан бір құрылысшы ақыры зейнеткерлік жасқа жетіп, демалысқа шығатын болыпты.

– Менің жасым жетті. Енді зейнеткерлік демалысқа шығайын, – депті ол компания басшысына, – Әйелімнің жанында отырып, немерелерімді бағайын.

Сонда компания басшысы өмір бойы адал қызмет еткен жұмысшысын қимай,

– Бәке, соңғы рет тағы бір үй тұрғызыңыз. Содан соң сізді зейнеткерлік демалысқа жібереміз. Жақсы сыйақы береміз. – депті оған.

Құрылысшы бұған келіседі. Жоба бойынша шағын отбасына арнап үй тұрғызуға кіріседі. Сөйтіп тиісті жер телімін белгілегеннен кейін, құрылыс материалдарын алады да жұмысын бастап кетеді.

Тезірек демалысқа кеткісі келген құрылысшы қатты асығады. Асыққаны сондай, жұмысын қалай болса солай істей береді. Кейбір тұстарын шала-шарпы істей салады, тасымалдауға жеңіл болғандықтан материалдарды да арзанға сатып алады.... Бұл әрекетінің дұрыс емес екенін іштей білсе де, «Осыдан соң кетемін ғой!» – деп өз-өзін жұбатып жүреді. Ақыры құрылысты аяқтап, жұмысын көрсету үшін компания басшысын шақырады.

Басшы үйді қарап шығады да,

– Бұл үй енді сіздікі! – дейді. – Міне, кілтті алыңыз да, бүгіннен бастап қоныстана беріңіз. Құжаттардың бәрін дайындатып қойғам. Бұл сіздің ұзақ жылдардан бергі адал еңбегіңіздің сыйақысы! Қабыл алыңыз!....

Дәл осы сәтте құрылысшының қандай күйде болғаны бір Аллаға аян. Мұндайды күтпеген ол өзінің ісіне қатты ұялып, қып-қызыл болып не айтарын білмей тұрып қалды. Ал өзге жұрт болса, оған қошемет көрсетіп қол соғып, баспаналы болуымен құттықтап жатты. Әрине, көпшілік оны қуаныштан толқып, қызарған шығар деп ойлады. Оның осы үйді тұрғызғанда тезірек бітірсем деп әдейі жіберген кемшіліктерін ойлап іштей өкініп әрі ұяттан кірерге жер таппай тұрғанын қайдан білсін....


Бұдан шығатын қорытынды: біздің әрбір ісіміз алдағы өмірімізде көрініс табады. Бүгінгі жауапсыздығымыздың, бүгінгі немкеттілігіміздің салдары ертең-ақ өзімізге таяқ болып тиеді. Соны ұмытпауға тиіспіз.


Мұрат Мұқаш

Фейсбуктегі парақшасынан 




Көрілген: 585    Пікірлер: 0

бейсенбі, 03.10.2019, 12:23

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30