Сен тұр - мен айтайын!

Бүгінгі қазақтың сұранысы – өсек пен төсектің айналасы

  • Бүгінгі қазақтың сұранысы – өсек пен төсектің айналасы

    Бүгінгі қазақтың сұранысы – өсек пен төсектің айналасы

Бірнәрсеге көзім жетті. Біздің халыққа интеллектуалдық деңгейді көтеретін, ой-өрісін дамытатын, білім көкжиегін кеңейтетін бағдарламалар, Интернет жобалардың түкке де қажеті жоқ. Көрмейді де, оқымайды да.

 

Мысалы, орыстілді саяхат (travel) жобалардың Интернеттегі қаралымы 2-3 миллионнан асып жығылады. Әрине, бұл жерде орыстілді аудиторияның саны жағынан көп екені түсінікті.

 

Дегенмен, астындағы пікірлерді ашып қалсаң, бір-бірінің етін жеп, ерегісіп жатқан ешкім жоқ. «Ол жаққа қалай баруға болады?», «Отельдің бағасы қанша?», «Трансфермен жетуге бола ма?» - деген сияқты пікір алмасу өте көп. Бір-бірімен шүйіркелесіп жатқан халық әйтеуір.

 

Шет жақта жүріп бір байқағаным, саяхаттап жүргендердің 99 пайызы – орыс тілді халық, орыстілді қазақтар.

 

Соған қарағанда қазақтілді қазақтар тойдың, құдалық пен ішіп-жемнің, кит-питтің, жыл сайын үй ремонттаудың айналасынан әлі шыға алмай жүрген сияқты. Әрине, бұл жерде әлеуметтік жағдай да бар. Ол түсінікті.

 

Бірақ, шет мемлекетте жүріп тағы бір байқаған дүнием – саяхаттап жүрген орыстарда да асып-тасып жатқан ақша жоқ. Біразымен әңгімелестім. Той-томалақты ысырып қойып, демалысқа ақша жинап, істің көзін тауып жатыр әйтеуір.

 

Болашақта travel жобалар жасаймын дейтін авторлар болса, жасамай-ақ қойыңыздар деймін. Бәрібір көрмейді. Одан да біздің халықтың сұранысын орындаңыздар. Ал, бүгінгі қазақтың сұранысы – өсек пен төсектің айналасы, бір әншінің ішіп-жегені. Одан қала берді той-томалақ. Болды. Басқасына басын ауыртпайды.

 

 

 

 

Данияр Есен

Фейсбуктегі паақшасынан




Көрілген: 2024    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 07.06.2021, 01:09

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Тамыз, 21:44
    Қызық, ә...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30