Бүгінгі ұрпақтың баспанасы кең бол­ғанымен, пейілі тар бола бастаған

30 қазан 2018, 12:15

Бүгінгі күн қазақтарының, сонда, қырқыншы жыл қазақтарынан несі кем деген сауал туындайды. Тұрмыс-тіршілігі кем бе? Жоқ. Тұрмыс-тіршілігі артық болмаса, кем емес. Тіпті бүгінде кейбір азаматтардың жиған байлығы ата-бабаларының өңі тұрмақ түсіне де кірмеген. Ендеше, не өзгерді? Бүгінгі ұрпақтың кешегі ұрпақтан несі кем? Сөйтсек, бүгінгі ұрпақтың кешегі ұрпақтан кемдігі жиған байлығы емес, иман байлығы екен. Иман байлығы мол қырқыншы жыл қазақтарының баспанасы тар болғанымен, пейілі кең болыпты. Бүгінгі ұрпақтың баспанасы кең бол­ғанымен, пейілі тар бола бастағанын көреміз. Яғни, жиған байлығынан иман байлығы кем бола бастағанын көреміз.

Азамат Әбілқайыр
Фейсбуктегі парақшасынан