Сен тұр - мен айтайын!

Бүгінгілер сол сөзді шын ықыласымен айта ала ма? Әй, қайдам...

  • Бүгінгілер сол сөзді шын ықыласымен айта ала ма? Әй, қайдам...

    Бүгінгілер сол сөзді шын ықыласымен айта ала ма? Әй, қайдам...

Біздің ауылда Алексей деген кісі тұрды. Қазір болса, "қария", "қарт" деп айтар едік, біздің бала кезімізде Алексей елуден асқан жігіт ағасы еді. Зайыбы кәріс еді. Ал ұлдары мен қыздары... қазақ болатын. Әрине көздері - тұздай, өңдері - баршын. Шетінен реңді. Қазақ тілін "родной язык" деп біледі. Үлкен қыздарының бірі баяғы Әділет министрі Нағашыбай Шәйкеновке шықты. Қазақша "құқ" демейтін Нағашыбай қазақ тілін ептеп біздің әпкемізден үйреніп жүр деп еститінбіз.
Юра деген ағамыз өзінің атын "Серік" деп айтқанды қалайтын. Сол Юра - Серік жыл сайын көктемде бізде сақпанда болып, қозы алысады. Секең әңгімешіл. Әскерде болған кездерін көп әңгімелейді. Ротада "екі-үш-ақ қазақ болдық" деп әңгімені айтқанда, майын тамызады. Секеңдер басында таяқ жейді, сосын таяқ жегізеді. Өңкиген орыс, белорыстарды казармада ат қып мінеді, көкпар тартады. "Все таки бойымда Ащыбұлақтың қаны мен топырағы бар ғой, бәрін қырдым" дейді Секең. Орысша сөйлей алмай қиналғанын да жасырмайды. Кейін аздап тіл сындырыпты. Онысын да білдіріп қояды. "К черту" дейді үнемі.
Юрка - Секен ағам жігіттің жігіті еді. Қазір қайда жүр екен, ауылдан ертеректе көшіп кеткен, қайда жүрсе де аман жүрсін. Денисовтар әулетін... ауылдың қушыкештері әзілдеп: "Сендер енді Демесінов боласыңдар" деп әзілдейтін. Сол Денисовтар орыс дворяндарының ұрпағы екен. Ресейде тып-тыныш өмір сүріп жатқан жерінен большевик-коммунистер қуғынға салып, берекелерін қашырған. Соның бәрін есіне алып толқитын Алексей аға: "Қазағыма, қазақ халқына рақмет" деп отыратын еді. Бүгінгілер сол сөзді шын ықыласымен айта ала ма? Әй, қайдам...

Дәурен Қуат

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1623    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.03.2021, 09:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 10:41
    29 жыл ғана қалды
    26 Наурыз, 10:31
    Не дейін, не дейін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30