Таң қалып отырмын!
Бүкіл ұлт болып манипуляцияға ұшыраған екенбіз!
Әкесінен қамшы жеп, анығырағы телефонын терезеден лақтырып жібергеніне шыдамай, өзіне қол салған бала үшін айыпты болмай қалған адам жоқ. Мұғалімі, мектептің психологы, әкесі, одан қалса баланы "түсініп", соның айтқанымен жүрмейтін қазақ халқы...
Ау, бір сәтке кішкене ойланып сөйлесек қайтеді?
Ата-ана баласына кәмелеттік жасқа шыққанша ғана иелік етеді, өмір бойы ата-ананың айтқанымен жүретін бала жоқ, болмайды да!
Ендеше, мектеп оқушысын ата-анасы тәртіпке шақырғаны соншалық сорақы нәрсе ме?
Қарап отырсам, ұрпақ тәрбиесі дегенге де өзгенің көзімен қарайтын, өзге елдер жасаған стандарттармен санасуға дайын тұратын халыққа айналып бара жатыр екенбіз...
Бұның бәрі батыстық идеологияның манипуляциясына ұшырау деп ойлаймын. Балалар қорғаусыз деген желеумен балаларымызды ата-анасының үстінен шағым жасауға үйретіп жатыр. Әкесінен бір шапалақ жегені үшін мемлекетке шағымданған бала ертең сол мемлекетті қорғайды дегенге кім сенеді?
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: әке-шешесін сыйламайтын, тек менің айтқаным болуы керек дейтін баланың барынан жоғы артық. Өз өмірін аямайтын адам өзгені де аямайтын тасжүрек болатынына сене беріңіз!
Ахмет Өмірзақ
Фейсбуктегі парақшасынан