Сен тұр - мен айтайын!

Бұл анти-қасиеттер қазір ұлтымыздың төл мәдениетіне айналып барады

  • Бұл анти-қасиеттер қазір ұлтымыздың төл мәдениетіне айналып барады

    Бұл анти-қасиеттер қазір ұлтымыздың төл мәдениетіне айналып барады

- Біздің қоғамда бойымызға әбден сіңіп, әбден ушығып кеткен дерт көп. Оның ішіндегі ең ауыры һәм ірісі екеу - жемқорлық пен жағымпаздық. Осы екеуінің асқынғаны сонша, бұл анти-қасиеттер қазір ұлтымыздың төл мәдениетіне айналып барады.

 

- "Мен ақша үшін емес, мандат-қызмет, басқа да бірдеңеге жету үшін мақтап отырған жоқпын", - деп тұрып жағымпазданатындар да жетеді. Жағымпаздықпен ғана жүріп-тұратын адамдар шықты. Бұлар жақсылықты айтып, қоғамға үлкен пайдамды тигізіп жатырмын деп санайды. Ондай деңгейге түскен адамдардан елге жақсылық күту бекер-ау.

 

- Жағымпаздыққа не жетелейді? Сараңдық пен дегбірсіздік, лайық болсын-болмасын, шен-шекпен жамылуға деген асығыстық және өзін төмен бағалау себеп шығар. Кісі сүйсінетін қылығың мен қасиетіңнің жоқтығын білдірмеу үшін оның орнын мақтаумен, мадақпен толтыра саласың. Бәрі жағымпаздықтың арқасында адам болып жатқанда, мен де қалмайын деген мінезсіздік. Қорқақтық. Жұмыстан ертең шығып қалмайын, жазаланып қалмайын деген үрей. Осының бәрі, сайып келгенде, елімізде асқан жағымпаздар қарасын көбейтті.

 

- Біздің қоғам бұл дертке қарсы күресе ала ма? Қоғамның жағымпаздық дертіне қарсы туабітті иммунитеті бар ма? Бұл дерттің асқынуына жол бермей, бірер уақыт ауырып жатып, түбі жазылып кетуге көмектесетін? Әлде жағымпаздарды көкке көтеріп, той-томалақтарға шақырып, бірінші болып сөз беріп, төрге шығаруымызды жалғастыра береміз бе? Олармен күлімсіреп амандасып, желіде жазғандарына лайк басып, бұрынғыдай комменттерімізді үйіп-төге бермекпіз бе? Бетіне қарап жымиып, жағымпаз екенін үйде ғана қатынға қашанғы өсектейді екенбіз? Қайран елім, қазағым деп қойып, жағымпаздарға қашанғы көз жұма берер екенбіз?

 

- Былай істейік: бұдан былай арамызда жер басып жүрген жағымпаздармен араласуды, амандасуды қойсақ. Оларға игнор десек, ә?! Істеген ісі мен айтқан сөзін мақұлдауды доғарайық. Оларға жұмсап жүрген уақытымыз бен назарымызды енді бойында жағымпаздығы жоқ қазақтарға неге арнамасқа?! Жағымпаздар - өте зиянды адамдар! Елге пайда тисе, жағымпаз еместерден тиеді. Осылай біз өзіміз өзгеріп кетсек, біздің қоғам да өзгеруі бек мүмкін. Әйтпесе билікке кім келсе де, ескі мәдениет, ескі ережелер қала береді.

 

Пікір иесі Олжас Құдайбергенов (экономист, Қ-Ж. Тоқаевтың штаттан тыс экс-кеңесшісі)

 

 

 

Серік Абас-шах

Фейсбуктегі парақшасынан

 




Көрілген: 1290    Пікірлер: 0

жексенбі, 24.01.2021, 17:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Ақпан, 23:29
    Адал мен арсыз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31