Сен тұр - мен айтайын!

Бұл бейшаралығымызға кімді кінәлаймыз?

  • Бұл бейшаралығымызға кімді кінәлаймыз?

    Бұл бейшаралығымызға кімді кінәлаймыз?

БІЗГЕ БАТЫС ДЕМОКРАТИЯСЫНЫҢ ТҮККЕ ДЕ КЕРЕГІ ЖОҚ!

Алматыдағы азғындардың бас көтеруінің бір ұшы мұхиттың аржағында жатқан алпауыттарға барып тірелетіні белгілі. Батыс демократиясы жыныстық азшылықтың құқығын қорғауды алдыңғы қатарлы мақсат-мұратының бірі ретінде қарастырады. Сол үшін де көзі ашық адамдардың біразы АҚШ-тағы күздегі саяси науқанда республикашылдарға тақымын қысып, дұға етті. Алайда, демократтардың жолы болды. Енді, әлемге ықпалы зор алпауыт ел демократияны желеу етіп, азғындықты ауыздықтамайсыңдар, олардың еркін жүріп-тұруына деп ерік бересіңдер деп қысым жасап отыр. Кешегі Алматыдағы азғындардың лаңы осының көрінісі. Келіспесең мұнайыңды сатқызбай, жан алқымнан алғалы тұр. Әлемдік нарыққа қара алтыныңды шығара алмасаң онсызда шатқаяқтап тұрған экономикаңның шаты айырылатыны айдан анық. Бұл бейшаралығымызға кімді кінәлаймыз?
Ең бірінші халқымыздың құндылықтарға деген талғамын жетілдіріп отыруымыз керек деп ойлаймын. Халықтың санасында БАТЫС-тың жақсы мен жаманын айыра алатын сүзгі болмаса, күні ертең әлдилеген талай құндылығыңның күллі көкке ұшуы мүмкін. Сол үшін де ұлттың рухани имунитетін, сыртқы сын-қатерлерге қарсы қорғаныс қабілетін арттыру керек. Технократ ел болайық деп ұрандатқаннан бұрын текті ел болып қалуға ұмтылған жөн. Айда алма өсіруді армандап сағым қуғанша, алдымен арды ойлаған, абыройды ойлаған дұрыс. Ана тілі, әдебиет, дін, тарихты оқыту сол үшін керек. Себебі, рухы мықты ел ғана қандай бір нәубет болмасын оған төтеп бере алады. Тіпті, әлемдік саясатқа кіріптар болып жатсаңда, текті ел болсаң, өз ішіңнен азғын шықпайды. Сол үшін де БАТЫС біздің құбыламыз болмауға тиіс!

Мұхан Исахан

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2173    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.03.2021, 10:34

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 10:41
    29 жыл ғана қалды
    26 Наурыз, 10:31
    Не дейін, не дейін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31