Бұл біздің “құлдырау жылдамдығымыздың” өлшемі
Біреуден билікті немесе отырған креслосын қызғанбайсың ғой. Бірақ, саясаттың биік мінбері - мәжіліске депутат болып сайланған су жаңа тізімдегі біраз адамдарды көргендегі эмоцияны, көңіл жағдайын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бұл біздің &ldquoқұлдырау жылдамдығымыздың&rdquo өлшемі. Биліктің саяси мәртебесінің түсуі деп есептеймін. Жоғарғы билік тұтқасын қандай деңгейдегі адамдардың ұстап тұрғаны одан сайын айшықтала түсті.
Менің басыма қонбайтыны Президент, әкімдер халық алдында есеп бергенде депутаттар неге атқарған жұмыстары туралы, депутаттық лауазымда отырған шақта істеген істерін қорытындылап ел алдында есеп бермейді? Партияның үгіт-насихат кезінде халыққа берген уәделерін қаншалықты орындағандары туралы есеп беру неге міндеттелмейді? Халықтың биліктегі уәкілдігі сұрауы жоқ қызмет пе сонда? Тым болмаса алдындағы микрафонды жылына бір рет қосып, бес жылда бес қана пікір, бес қана ой айтып, бес мәселе көтеруі қажет қой?!
Не аты, не заты белгісіз, халық атынан сайланғанымен бір ауыз халық сөзін сөйлей алмаған кейбір экс-депутаттар да жайлы орындарынан жай ғана тұрып кете барады ғой. Соған қарағанда...
Бір есептен қойшы соны. Өз өміріміздің әнін жырлай берейікші. Бастысы ел аман, заман тыныш болсын. Шөлмек те сынар бір күні...