Сен тұр - мен айтайын!

Бұл елдің басқа саласы түгілі, журналистикасының өзі жағымпаздыққа толы

  • Бұл елдің басқа саласы түгілі, журналистикасының өзі жағымпаздыққа толы

    Бұл елдің басқа саласы түгілі, журналистикасының өзі жағымпаздыққа толы

Бірде Қасым Жəкібаевтың үйіне бардым. Ол кезде актердің өмірден өткеніне бір жылдай ма болған. Апаның мазасы болмай жатыр екен. "Жедел жəрдем шақырайын" десем, "жоқ, керек емес" деп қарсы болды. "Апа, шақырайық. Жағдайыңыз нашар екені көрініп тұр" дедім. Сəлден соң "Шақыршы. Қатты ауырып, шыдай алмай жатырмын" деді. Шақырдық. Сықырлаған жедел жəрдем келді. Жедел жəрдемнің ішінде апаның көзі алайып кетті. Жедел жəрдем қызметкерлері укол салып, қол, аяқтарын уқалап, шошып кетті. Ауруханаға барғанда дəрігерлер ырғалып келмейді. Бір-екі медбике жүрді, рас. "Қазір дəрігерлер келеді" деп қояды. Бұл демалыстан кейін еді. Барсам шай ішіп отыр. "Адам өлейін деп жатыр" деп айқайласам "демалыс" дейді. "Журналиспін" деп құжатымды көрсеттім, не керек, қорқытып, үркітіп, қараттық қой əйтеуір. Бедірейген дəрігерлерге күні түскен қарапайым халықты түсінем.

Алматыда тұрғанда ауырсам 12 аурухананың ақылы бөліміне қаралдым. Ақшам көптіктен емес, жүйкемді аядым.

Жүйе барлық саланы жүйесіздікке əкелді.


***


Елде біраз басылымда істедім ғой. Сонда бір қыз "бастық туралы ештеңе айтпаңдар, бір журналист диктафонға жазып отыр " дейтін. Жай сөз емес, рас еді. Өзіне қарсы пікір айтқанның бəрін жұмыстан шығаратын. Ірі болса, текті болса, мұндай əрекетке бармас еді. Жалпы бетке айтқан адамдардан қорықпау керек. Олар қауіпті емес.

...Бұл елдің басқа саласы түгілі, журналистикасының өзі жағымпаздыққа толы. Ондай типтердің көп болуы билікке тиімді болды. Сындырып жіберді.

Арын, ұятын сатпаған аз журналист бар.

Кейбіреулер газетті өз ақшасымен шығарып отырғандай кердеңдейді.


***


Елде репрессияның елесі кезіп жүр...


Аягүл Мантай

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 945    Пікірлер: 0

жұма, 26.07.2019, 12:03

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31