-Өлең шығарамын. Ақындығым бар. Әңгіме жазамын. Қазірше газет -журналдарда. Болашақта кітап шығарамын. Әлі жаспын ғой. Әдебиетке ақша табу үшін емес, сүйіп келдім. Мен жұмыс таппай жүрмін. "Еңбек өтілің жоқ,"-деп ешкім жұмысқа алмайды.
Бұл конкурсқа келген жас маманның айтқаны.
Конкурсқа 20 адам қатысты. Жиырмасы да жастар. SDU, КАЗГУ ,АГУ т.б .бітірген. Бәрі де жұмыссыз жүр .
Askhat Aimagambetov мырза!
Бұл жұмысқа қабылдау ережесінің осалдығы.
Сол ереже қабылданғанда айтқанмын бұл туралы.
Конкурсқа қатысқандарға балл беріледі.
Санатына, оқушысының жетістігіне т.б.
Жетістік пен санат бұрын жұмыс істеген мұғалімде ғана болатыны белгілі.
Жаңадан оқу бітірген жастарда қайдан болсын?
Егер жастар конкурсқа бұрын жұмыс істеген мұғаліммен түсетін болса, міндетті түрде жеңіледі.
Жұмыс берушіге мықты маман керегін айтарсыздар. Балл арқылы "мықтылығы" бағаланып отыр. Ендеше жастарды оқытудың не қажеті бар?
Комиссия мүшелері туралы да кемшіліктер бар. Комиссия құрамында қоғамдық ұйымдардан және білім бөлімінен адам болуы керек.
Комиссия мүшелерінің 50 пайыздан астамы конкурсқа қатысса ,конкурс заңды болып есептеледі.
Яғни, көптеген мектептер білім бөлімінен және қоғамдық ұйымнан адам шақырмайды. Себебі, олар қатыспаса да заңды.))))
Сөйтеді де мектеп завучтары мен кей мұғалімдер комиссия мүшесі болып, конкурста дауыс береді. )))
Сонымен директордың қалаған адамы жұмысқа қабылданады.
Келесі жағдай тағы таң қалдырады мені.
Неге басқа мектепте жұмысы бар мұғалімдер конкурсқа қатыса алады?
Жастар жұмыссыз жүргенде .
Балл мәселесі туындағанда жұмысы бар мұғалімнің жинаған балы да көп болады.
Міндетті түрде сол жеңеді.
Асхат мырза! Мына мәселені қайта қарастырыңыздар!
Бұлай болмайды.
Жастарды сөндіріп аласыздар.
Бұл ережемен жемқорлықты жеңе алмайсыздар!
Aiman Sagidulla
Фейсбуктегі парақшасынан