Сен тұр - мен айтайын!

Бұл фейсбукті қой, кісі өлтіреді. Лажы болса, тәуелді болмағанымыз абзал.

  • Бұл фейсбукті қой, кісі өлтіреді. Лажы болса, тәуелді болмағанымыз абзал.

    Бұл фейсбукті қой, кісі өлтіреді. Лажы болса, тәуелді болмағанымыз абзал.

2014ж бері фейсбуктемін. Жазбаларымды жазып, өлеңдерімді бөлісіп, дос тапқаныма риза болатынмын. Иә, біраз дос та таптым, жоғалтым да...
Өкпем жоқ. Десе де...2017 ж бастап әлеуметтік желіге тәуелді болмау керектігін ұқтым.
Себеп: Жекеде бір жігіт әдемі сөйлеп, сырласып жүрдік. Тірі, әрі затым әйел емес пе? Әлгінің сөзіне шын иландым. Кейін, бұның бәрі мазақ екенін түсіндім. "Мені қарғады, менсіз өлем' деді, мынау әйткенде бүйткен де деп жеке басыма қатысты артық әңгімелер айтып, суретімді салып, скриндарды елге таратқан.
Тіпті, әкеме арнап жазған кітабымды көтере алмай, өз жерлестерім қарғап, келеке қылып,төпелегендері де болды...Қайсы бірін айтайын?
Қатты күйзелдім. Ауыр тиді. Енді қайтем? Ұят-ай. Кітабым шығып, аз-маз танылып жүрген шағым еді. Оданда Өлгенім артық ... деген ойларда болды. Құқық қорғау органдарына да шағымдандым. Бірақ, ол кезде (бәлкім әлі күн) "әлеуметтік желі арқылы қорланған адамды жауапқа тарту" заңы әлсіз, дәлелдеу қиын, әділдігін тапқанша морт кетесің....
Содан парақшамды удалить етіп, ұзағынан кеттім. Араға жылдар салып, кері кіргем, "мейірімділік, әлеуметтік желіде өзімізді ұстау деңгейіміз" сол күйі екен....Әттең!
... Айтпақшы, әлгі мен айтып отырған кейіпкерді бір посттың комментінде жазбасын көрдім, мен жазған жазбаға, "мынау әлі бар екен ғо, өліп қалмадың ба?" деп мысқылдап өтіпті). Мен ол үшін өлетіндей ол кім екен деймін қазір.
Міне, осындаймыз. Әйелі болсын, еркегі болсын... болмысымыз осындай.
Аягүл дұрыс атап өтті: шығармашыл жанның,өзі сияқты ерекше нәзік талант иелеріне бұл өмірде қиын, мынадай жауыз қоғамда болмысын жоймай, адам болып қалу ауыр...(сол кезде Қызым мен әкеме берген уәдем болды менде,әйтпегенде...)
Бәрі өткінші... Әттең, көңіліміз жабырқап, қимай тұрғаны болмаса...
Бұл фейсбукті қой, кісі өлтіреді. Лажы болса, тәуелді болмағанымыз абзал.
....
Бақұл бол, Аяш! Кешір. Сені аялай алмадық енді жерАна сені аялайды, қайтейік.... Қош...




Көрілген: 1714    Пікірлер: 0

жексенбі, 01.08.2021, 12:58

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Қыркүйек, 00:33
    Алматинский стрелок-3
    14 Тамыз, 21:44
    Қызық, ә...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30