Бұл ғасырда жәй мектептер балаға НЗМ сияқты білім беретін деңгейге жетпейді

06 тамыз 2022, 23:34

"Ұра берсең Құдай да өледі" деген мақал қазақта ғана бар...

 

...тілектеріңіз қабыл болып, келесі жылдан бастап НЗМ тегін мектеп формасы мен таңғы ас бермейтін болды))

 

...бұл ғасырда жәй мектептер балаға НЗМ сияқты білім беретін деңгейге жетпейді, оған гарантпын!

 

Неге? Сол: биыл жәй мектепке жұмысқа тұру үшін беретін пара мөлшері 1 млн. ₸, рейтиңі жоғары мектепке баланы кіргізу "рахметі" 100 000 ₸ жетті...

 

...баласы 120 баллмен, оның ішінде проф. пәннен жинағаны өте төмен, НЗМға түсе алмай қалған ата-ананың арызын қараған комиссия, проф. пәннен жоғары балл алып,  120 ұпаймен оқуға жіберілген баланы да резервке ауыстыруды ұйғарған. Өйтпесе, ертең мектеп сабақ берумен емес, тексеру мен жауап хат жазумен айналысып кетуі мүмкін.

 

...дұрыс, "менің балам түсе алмаса, оның да баласы түспесін")

 

...НЗМға бөлінген ақшаны ауылға бөлейік дейсіз) Қай ауылға?..

 

Биыл мен білетін 2 ауылдағы (400 орыннан  кем емес-ау) мектеп жабылып, 7-сыныпқа дейін (бе) оқытатын  шағын кешен болып қалды. Біз жақтан 6 отбасы Алматы маңына көшіп келген, екеуі времянка сап алды) 4 баласын ауылдағы мектепке әзер орналастырды...

 

 

Қалмаханбет Мұқаметқали

Фейсбуктегі парақшасынан