Бұл - халықтың ақшасы ғой, алдымен қоғамның талқылауына салмай ма екен?

07 желтоқсан 2021, 23:00

Не ғой, мен жоқта анау...зейнетақы қорының түгін қалдырмай, айтып-айтып тастаған шығарсыздар, ә?) Өзім де өкпелімін оларға). Жоқ деймін де, адам деген ешкіммен ақылдаспай, ешкімге айтпай, "жасырып-жауып" "жеткілікті шекті" бірден қырық бірдеңе пайызға өсіре ме екен?!). Бұл - халықтың ақшасы ғой, алдымен қоғамның талқылауына салмай ма екен? Өз ақшамызды өзімізге де ұстатқызбады ғой. Қайда жұмсауды да өздері шешті. Өзім шешсем, баяғыда-ааақ машина алып алар едім. Енді отырмыз ипотекаға ұрынып))). Бүгін қарасам, зейнетақы қорымда 90 мың теңгедей "артық" ақша қалған екен. Күйіп кеткенім соншалық, оны да сыпырып-сиырып алып, ипотеканың ай сайынғы төлеміне жұмсап жібергенсің ғой.

Фейсбуктегі парақшасынан