Сен тұр - мен айтайын!

Бұл жерде әңгіме тек қана бұт пен бұттың арасында емес

  • Бұл жерде әңгіме тек қана бұт пен бұттың арасында емес

    Бұл жерде әңгіме тек қана бұт пен бұттың арасында емес

Жылыойдағы проституцияның қорғаны кім?

Дәл қазіргі таңда Құлсарыда шетелдік 87 өзбек бригадир бар. (Негізі бұлардың саны өте көп, көбі карантин алдында елдеріне кетіп кері келе алмай қалған). Әр бригадирдің жұмысшыларын есептеп көріңіз?

 

Жалпы олардың статистикасы Жылыой аудандық полиция бөлімінің қолында. Сонда, біздің ауданда қанша өзбек жұмысшылары өз елдеріне бармай, біздермен бірге етене өмір сүріп жатыр деген сөз.

 

Ал енді, Жылыойда жылдап жататын осы өзбек жұмысшылары өз табиғи қажеттіліктерін қалайша өтеп жүр деп ойлайсыңдар?

 

Міне, дәл осы жерде көзге көрінбейтін притондар әлі күнге шейін өз қызметтерін жәймен атқарып тұрғандығын лажсыз мойындаймыз.

 

Жезөкшелікті жандандырып жүрген жеңгетайлар тән сатуды үлкен бизнеске айналдырып алған. Бұлар өзбек азаматтарын жеке пәтерлерінде немесе қалауынша шақырту арқылы жүзеге асырады. Демек, Жылыойда «невидимка  проституция» еркін жұмыс  жасап тұр.

 

Бұл жерде әңгіме тек қана бұт пен бұттың арасында емес. Ертеңгі күні өзбектер өз елдеріне қайтады. Барған соң айналасына қазақ елінде бастан кешірген қиыншылықтары мен рахаттары туралы оқиғаларымен бөліседі. Сол кезде көрген рахаттары туралы сөз еткенде олар міндетті түрде қазақ қыздарын қалай құшқандықтарын бір дәреже ретінде суреттейді. Міне, тура осы жерде кейбір арты бос, намыссыз боскеуде қазақ жігіттері мен етегі түріліп әркімнің ойыншығына айналған қазақ қыздарының кесірі бүкіл қазақ еліне күйе болып жағылады. Сонда олар өз халқына ие бола алмай отырған қоғам мен заң орындарының, құқық қорғау қызметкерлерінің әлсіз, тіпті тиынға сынатындығын да сөз етпей кетпейді.

 

Еу, ағайындар, намыс қайда?! Бұларды тайраңдатпай дереу қолға алу керек. Талап біреу: Өзбектер біздің елге ұзақ мерзімге келмесін, келсе өз елінен әйелдерін немесе өз елінің жәләптарын бірге ертіп келсін! Олай етпесе тәндеріне тығын орнатсын, оған көнбесе қай жағынан да қатаң жазасын алсын! Міне, талап осындай болу керек!

 

Өткенде Атырау облысы полиция департаменті әлеуметтік желіге Атырау қаласында жұмыс жасап жатқан притондарды, жезөкшелерді құрықтағандықтарын, ішінде екі Ақтөбелік транстың жүргендері туралы ақпарат таратқан болатын.

 

Дәл сол притондардың қорғандарының кім екендіктерін де ел жақсы біліп отыр. Бірақ, дәл қазіргі кезеңде шындық айтқанның тілі кесіліп, нұсқағанның қолы шабылып тұр.

 

Біз бір қызық елміз, құқық қорғау қызметкерлері жезөкшелікті құрта алмай жүрген сияқты рөлде, ал Атырау Ақ-Жайық газеті «девушки высокооплачеваемая работу» деп, жезөкшелердің телефон нөмірлерін жарнамалап орнын толтыра алмай жатыр. Сонда біз қалай-қалай жұмыс жасап отырмыз?

 

Арсыздықты жарнамалап отырған Ақ-Жайық газетін түбегейлі жабу керек! Қазақ халқын кемсіту, намысын  таптап абыройын түсіру қазақ халқы үшін өте үлкен сын!

 

Бұған кімдер кінәлі?

 

Шетінен ұстап жауапқа тартуға, қылмыскерлерді жазалап, қарабет қылып аты-жөнін жариялауға не бөгет, кім кедергі?

 

 

 

Сарман Мәлік

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 3230    Пікірлер: 0

сейсенбі, 01.12.2020, 13:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Қаңтар, 09:52
    Өлім оған - Бостандық
    31 Желтоқсан 2020
    Кто бинабат?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31