Сен тұр - мен айтайын!

Бұл қазақ қоғамының бағы ма, соры ма, білмеймін

  • Бұл қазақ қоғамының бағы ма, соры ма, білмеймін

    Бұл қазақ қоғамының бағы ма, соры ма, білмеймін

Талдықорған жақтың бір шешенін білетінмін. Қазақтың арасында өскен қарапайым жігіт. Сол жігіт қазақ қызына үйленді. Менің бір таңғалғаным, сол шешен жігітінің қазақтан ешқандай айырмашылығы жоқ болатын. Қазақша сөйлейді, қазақтар сияқты жүреді, қазақтар сияқты ішіп-жейді. Бірақ үйленген күні соның үй-ішінен бір ерекше өзгерісті байқадым. Бір күні үйіне бардық. Келіншегі – қазақ қызы, күйеуінің аяқ киімін шешіп, оны орнына апарып қойып, кәдімгідей шешеннің қызы секілді бәйек болып жүр. Әйеліне үйдегі міндетін қас-қабағымен түсіндірген бе, әлде шешендердің әйелдері өзі солай күйеуінің ырқына бағынып тұра ма, соны түсінбедім. Үйленгеннен кейін бір апта өтпей жатып-ақ әлгі үй шешеннің үйі, қазақтың қызы – шешеннің қызы сияқты болып шыға келді! Шешеннің үйінде еркектің рөлі мықты екен. Еркектің аты – еркек. Баласын да еркекше тәрбиелейді олар. Еркек – үйдің қорғаны, асыраушысы. Қай кезде де отағасының үйде мысы басып тұрады. Сосын олар баласын (ұлын) біз сияқты өбектеп сүйе бермейді екен. Сезімталдықты, сезімге салынуды - әлсіздік, қатынға тән қасиет деп есептейді. Баяғы қазақ отбасында да тура сондай патриархат болған ғой. Еркек – үйдің асыраушысы, қорғаны, тірегі болатын. Ұлды да еркектер (атабектер) тәрбиелейтін. Кейінгі елу жылда осы дәстүрдің орны ауысып кетті. Соңғы он жылда сананы тұрмыс билеп, мүлдем ұсақталып кеткендейміз. Базарда жүрген де, кондуктор болып еркектермен айқайласып жататындар да, кредитті жабуға баратындар да солар, ақыр аяғы майданға (митингке) да ақша сұрап қыз-келіншектер шығатын болып кетті. Бұл қазақ қоғамының бағы ма, соры ма, білмеймін.


Жолымбет Мәкіш

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1431    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.07.2019, 11:23

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31