Сен тұр - мен айтайын!

Бұл сайлау алдында дәрігерлер қауымының билікке сеніміне селкеу түсірмесіне кім кепіл

  • Бұл сайлау алдында дәрігерлер қауымының билікке сеніміне селкеу түсірмесіне кім кепіл

    Бұл сайлау алдында дәрігерлер қауымының билікке сеніміне селкеу түсірмесіне кім кепіл

Біртанов ісінде күдік-күмән көбейіп, бір топ дәрігер, қоғам белсенділері экс-министрді қолдап ашық хат жазыпты. Хат жазушылар біраз нәрсе айтқан, соның ең негізгі мынау: «Министр &ndash лауазымды шенеунік. Саланың дамуына, саяси шешімдер қабылдауға құзіретті адамның мемлекеттік сатып алуға қатысы болуы мүмкін бе? IT технология маманы емес адам техникалық шешім қабылдай ала ма?». Мұның сыртында телеграм каналдардың бірі кеше Біртановқа қатысты материал жариялады. Онда былай дейді: «Елжан Біртанов министр кезінде ресейлік вакцинаны сатып алуға және жеткізуге қарсы екенін айтқан еді. Ол вакцина барлық клиникалық сынақтан өткенін және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдағанын күте тұру керегін, ал ең дұрысы барлық процедурадан бірінші өтіп, ұйымның мақұлдауына ие болған вакцинаны шығарған елмен келісімшарт жасасу керегін айтумен болған. Айтпақшы, ресейлік вакцина әлі күнге сынақтың барлық кезеңінен өткізілмей жатыр. Ал енді Біртанов басты құрбан бола қалды, оның үстіне көп адамға ол ыңғайсыздау фигура болды ғой. Президент бастаған ведомствоаралық комиссияның жаппай карантин енгізу бойынша шешімін қолдамады. Лоббистерге ресейлік фармацевтерден пайдасы жоқ антивирус препараттарын сатып алуына кедергі келтірді. РФ-ның тексерілмеген вакцинасын сатып алу туралы келісімшартқа қол қоюдан бас тартты.
Экс-министрге жемқорға тола аурухана басшылықтарымен бірігіп алған отандық фармацевтер де қарсы сияқты». Фармацевтер лоббиінің схемасын көрсетеді. Осылайша, Біртанов ісінде көрінбейтін қолдардың бар екені байқалады. Ресей вакцинасына қарсы болуы күдік-күмәнді қоюлата түседі. Оның үстіне Біртанов министр болып тұрғанда оның басқан ізін аңдып, әр сөзінен ілік іздеп, «Біртановты қызметінен алу керек» деп ұрандаған адамдар көп болды. Және пандемияның алғашқы кезеңіндегі кеткен қателіктер, жұмыстың дұрыс үйлестірілмеуі, дәрінің тапшылығы, адам өлімінің күрт өскені, ауруханаларда орын жетіспеуі, саладағы жемқорлық осының бәрін кінәлі біреуді табу керек болды... Оның үстіне: «Біртановтың билікке жақпай қалуының негізгі себебі деп фармацефтік лоббистер аталып жүр. Тоқаев жеңіс парадына сапарынан кейін бірден Біртановты орнынан алды, ал бір айдан кейін ресейлік тікелей инвестициялар қоры мен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ коронавирус инфекциясына қарсы іс-қимылдағы әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойды» деп жазады телеграм каналдардың бірі. Демек Біртанов ісінде бұлыңғыр жақтар көп. Әрине, тергеу анықтар, сот үкімін айтар. Алайда бұл сайлау алдында дәрігерлер сынды үлкен қауымның билікке сеніміне селкеу түсірмесіне кім кепіл. Онсыз да жаңа министрдің кейбір шешімдері, министрліктің кейбір әрекеттері қоғам тарапынан әліден-ақ сынға ұшырап жатыр.Ал бұрынғы министрдің ісі әлгіндей күдік-күмәнға жетелейтін тұстарға толы...

Өміржан Әбдіхалықұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1687    Пікірлер: 0

жұма, 06.11.2020, 10:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Қаңтар, 09:52
    Өлім оған - Бостандық
    31 Желтоқсан 2020
    Кто бинабат?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31