Сен тұр - мен айтайын!

Бұл сөзімнің ақиқаты үшін мен басымды бәйгеге тігуге бармын

  • Бұл сөзімнің ақиқаты үшін мен басымды бәйгеге тігуге бармын

    Бұл сөзімнің ақиқаты үшін мен басымды бәйгеге тігуге бармын

Түрлі суреттер мен қуыршақтарды жандандыру идеясының алғышарттары ағайынды Люмер мен Платоға дейін де, сонау антикалық дәуірде болған. Содан бері дамып һәм дамытылып келе жатқан бұл ұлы өнерге біздің қазақ сондай салақ. Әрине, оның жағдаяты әзірге түсініксіз.

 

Қазір кім көрінген комедия жанрындағы арзанқол кино түсіруге әуес. Өйткені онда қарбытып жеуге болатын қомақты қаржы бар сияқты. Содан соң, біздің қазіргі интеллектуалдық деңгейіміз де соның төңірегінді болса керек.

 

Кеңес Одағы тұсында орыстар түсірген “Ну, погоди!” деген шедевр болатын. Оның өзі аптасына бір-ақ рет, ұмытпасам, сенбі-жексенбі күндерінің бірінде көрсетілуші еді. Сол күнгі қора-жайдың шаруасын бір күн бұрын тап-тұйнақтай етіп тастап, ақ-қара түсті шағын экранның алдында зарыға күтіп отырушы едік. Ой, заман-ай десеңші.

 

Әлгі көп сериялы мультсериалдың қай тармағын қарасаң да тағдыры жағымсыз образға мәңгілікке таңылған аңқау да аңғал қасекең қасқа болған қоянды тырқыратып қуады да жүреді. Қанша аяғанмен, экранда бейшара бейнедегі қояныңның қулығы бір басынан жетіп артылады. Барлық жерге өзінің “суретін салып кету” арқылы қасекеңді қасқайтады да қояды. Оның асыл идеясы кеңес адамының (кең көлемде қарасақ, жалпы адам баласының) қанша қуғанда түбіне бір жете алмайтын мына сыйықсыз дүниенің сипаты екенін ол кезде біз қайдан білейік.

 

Ал америкалық Уолт Дисней жасаған “Микки Маус” хикаяларын кейін білдік қой. Басқа қазақты білмедім, мен өз басым елуге келсем де мультфильм дегенде ішкен асын кейін қоятындардың қатарындамын. 

 

Айтайын дегенім, Ресей мультипликаторлары түсірген, экранда 2009 жылдан бері көрсетіле бастаған “Маша и медведь”деген сериал бар. Түп негізі орыстың халық ертегілеріне негізделген осы дүниеге жететін танымдық, тәрбиелік құралды әзірге көрген жоқпын. Әрине, маша және аю бейнесі арқылы, әуелі біз орыс әлемін, сол әлемнің түпсіз шиырларын танимыз. Ал ол деген сөз, көрерменнің ырқынан тыс сол табиғаттың бір пұшпағынан табыла білу дегенді білдіреді.

 

Мен бұл ойдың ұштығын бұрын да айтып келе жатырмын. Жалпы, біздің қазақ ұлттық мультипликацияны қолға алып, осы саланы дамытатын муьтипликатр мамандар дайындамайынша, бәрі бекер. Шынын айту керек, заман өзгерді, енді сіз бенен біз қанша қаласақ та, қаламасақ та ән, күй, жыр өнері балалар үшін (тіпті үлкендеріңіз үшін де) таным құралы бола алмайды. Ал егер осы қазыналарымызды, оған қоса қазақтың мыңдаған аңыз, әпсана, ертегі, миф, эпостық мұраларының сюжетін мультипликацияға айналдыратын болсақ, онда әлемде бізге жететін ұлт болмайды.

 

Бұл сөзімнің ақиқаты үшін мен басымды бәйгеге тігуге бармын. Ал сіз ше?

 

 

 

Берік Жүсүпов

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1762    Пікірлер: 0

жексенбі, 25.04.2021, 12:08

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Маусым, 12:47
    Маска шоуына бес тиін
    6 Маусым, 09:53
    Не деген феминизм,ә?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30