Сен тұр - мен айтайын!

Бұл ыдыратушы емес, тұтастырушы фактордың жұрнағы екенін ұғу керек

  • Бұл ыдыратушы емес, тұтастырушы фактордың жұрнағы екенін ұғу керек

    Бұл ыдыратушы емес, тұтастырушы фактордың жұрнағы екенін ұғу керек

  • Бұл ыдыратушы емес, тұтастырушы фактордың жұрнағы екенін ұғу керек

    Бұл ыдыратушы емес, тұтастырушы фактордың жұрнағы екенін ұғу керек

- Қазір кинодағы шайқастарда қазақтар "Әруақ!" деп айғайламайды, байқадыңыз ба? - деді бір танысым. Байқағанда қандай. Беріде түсірілген "Томиристі" қозғамадым, арыдағы "Мың балада" бәрі "Алаш!" деп шабады ғой. Дұрыс-ақ, Алаш үшін шайқассын, тек соны ұран еткені өтрік енді. Өйткені қазақ бабасына арқа сүйемей атқа қонбаған. Кез келген жауынгер халықта кодекс болады Кодекс Куманикус, Бусидо секілді. Кезінде Еуразияны зар илеткен қазақтың да сондай жазылмаған кодексі болған, Әруақ соның бір тармағы. Кинода оны көрсетпеу ұлттық болмысқа шабуыл, қиянат. Мысалы жапон самурайы қорланса харакири жасайды, ал әруақтан аттау тұтас бір рудың "харакириі". Мәселен соғыс боп жатыр дейік, алда он мың қазақ, төбе басында хан-сұлтандар, әр жүздің, рудың ардақтылары. Дабыл қағылды, қазақ лап берді.
Әруақ! Қаптағай! Қабанбай! Бақтияр! Қабылан! Ойбас! Қарабура!!! Ақжол!...
Анау ардақтылар осы кезде ұранына қарай қай рудың қай тұста шауып бара жатқанын шық еткізіп миға суретке түсіріп алады. Оң қанаттың басы адай, ортасы найман, одан бері арғын, сол қанатты жалайыр бастапты, ортада әлім деген сияқты ғой. Майдан қызу жүріп жатыр, бір мезет бір тұс шыдамады, шегініп кетті. Қазақ жеңілді. Майдандағы ер де, төбедегі ардақтың да жер болды. Кімнің қалай соғысып жатқанын қалт жібермей тұрған авторитеттер шала бүлінеді, ана шегінген жүз немесе рудың ардақтысын Жалайыр болмай жерге кір, Қабанбайдан садаға кет Наурызбайдың киесі ұрсын, дегендей біраз сыбайды, дойырлары бетіне шылп еткізіп түкіре салуы да мүмкін. Анада үн жоқ, оның ұландары ұлтты жығып берді..."Әруақ атқыр" сол кезде айтылады. Бұл сөзді қорланған көсем өз руластарына айтады. Сілейтіп сыбайды, серейтіп сабайды. Оны қойшы, ауылға барса қашқын аты шыққан "ерді" ернін сылпитып қатыны жақтырмайды ғой, ол кездегі апаларымыз қазіргілер сынды "жаным, күнім, көзің көгеріп қалыпты-ау" деп аймалап отырмайды, жоғал и қарабет деп бір-ақ айтады. Жауды сабай алмаған қатын сабаса нақ қарабет болады, ел күледі. Айқаста жанды ойлап жерге қараған сарбаздар ең әуелі арды ойлау керегін сонда, көзге сөз, басқа қамшы тигенде, тұтас қазақ мүсіркей қарағанда ұғады. Келесі соғыста қасындағысы қашайық десе: Үй, қой, әуелі әруақ, одан кейін ана шалдар бар, боқтайды әкессс.. лучше өле салайықшы дейді. Яғни "өлімнен ұят күштіге" басады, ажалдан қорықпай айқасады, сөйтіп біз секілділерге осындай алып территория сыйлап кетеді. Ол кодтың жұрнағы бізде әлі де бар, бір ру туралы сөз қозғалса бір тайпа ел атып тұрады. Тек бұл ыдыратушы емес, тұтастырушы фактордың жұрнағы екенін ұғу керек. Осындайды кинодан сыпырып тастау жақсы іс емес. Сондай білімсіздіктен ханын қарабет әйелдей қара атқа теріс мінгізген, бекзадасын жау алдында тізерлеттірген ( Көшпенділер) "туындылар" пайда болады.

Serik Abikenuly

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1164    Пікірлер: 0

жұма, 06.11.2020, 10:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Қаңтар, 09:52
    Өлім оған - Бостандық
    31 Желтоқсан 2020
    Кто бинабат?
    17 Желтоқсан 2020
    Жігіттер, мал болмайық!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31