Сен тұр - мен айтайын!

Бұл зұлмат тек мамырда айтылып, 11 ай жабулы қазанның кейпінде жатпауы керек

  • Бұл зұлмат тек мамырда айтылып, 11 ай жабулы қазанның кейпінде жатпауы керек

    Бұл зұлмат тек мамырда айтылып, 11 ай жабулы қазанның кейпінде жатпауы керек

БАЛЫҚ ЖАДЫ ҚОҒАМБЫЗ БА?

Сіз балық жайлы ойланып көрдіңіз бе? Жалпы балықты жегеннен басқа, ол жайлы не ақпарат білеміз? Балықтың миға пайдасы барын жақсы білеміз, бірақ балықтың миы жайлы ше? Қызықтың көкесі сонда. Балықтың есте сақтау қабілеті бар болғаны 8 секунд. 8 секунд жарқ еткеннен кейін, ол үшін ақпарат жойылып, өмір қайта басталады. Сондықтан да ол бір түскен қармағына қайта айналып түсіп қалуы мүмкін.
Ее, біз ше? Біздің жадымыз қандай? Есте сақтауымызды айтамын? Бүгін сайттар сұмдық геноцид жайлы жазып жатыр, әлеуметтік желі ақпараттарға толып кетті. Бірақ ертең жаңа күн туады. Сөйтіп біз 364 күнге бұл геноцид жайлы жылы жауып қоя тұрамыз. Жылдағы сценарий.
Күн сайын қайғыға бат демеймін. Күн сайын Аза тұту да ақымақтық. Бірақ бұл зұлмат тек мамырда айтылып, 11 ай бойы жабулы қазанның кейпінде жатпауы керек қой. Қоғамға айтылып, есіне салып тұру абзал. Идеология деген содан басталады. Адамның жадына ақпаратты сіңіріп тастаудың басты жолы, оны қайталай беру. Күні-түні.

Арнайы идеологиялық бағдарламалар мен орталықтар бар. Ішкі саясат бөлімдері дегендей. Солар тек арнаулы даталарда қолға гүл, жүрек тұсына лента жабыстырып, қабақтан қар жауып, ескерткішке барумен шектелмей, ай сайын арнайы роликтер жасап, мақалалар беріп тұрса, қоғам санасы ақпаратты қабылдай береді. Біртіндеп сіңеді. Ми өзі сондай дүние. Көзден кетсе, көңілден кетеді. Бұл сөз тек адамға қатысты емес, ақпаратқа да қатысы бар. Егер біз расымен декоммунизацияны бастан өткізгіміз келсе, онда жүйелі жұмыс болу керек.
Түсініңіз. Ленин мен Сталиннің ескерткішін құлатып тастау оңай, бірақ оларды кей кеңестік адамның миынан шығарып тастау қиын. Ашаршылық пен саяси қудалау жайлы айту оңай, бірақ оны кей кеңестік адамға "Геноцид" екенін түсіндіру қиын. Ол үшін жүйелі жұмыс, үздіксіз ақпарат керек. Олай болмаса, біз балық жады күйімізде жүре береміз. Қазір есте бар, ал ертең жоқ.

Асхат Қасенғали
Фейсбуктегі парақшасынан

 




Көрілген: 1013    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.06.2020, 11:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 14:33
    Сонда бұл да өсек пе?
    26 Қыркүйек, 17:13
    Қоғамға кешірім өте ме?
    21 Қыркүйек, 10:15
    Мұндай еркек мүлде жоқ...
    11 Қыркүйек, 13:08
    АҚЫН ЕМЕС, ҚАТЫН КЕРЕК...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30