Сен тұр - мен айтайын!

Бұлай амандасу қадамына бабаларымыз Елді жемқорлық жайлап кетпесін, деген оймен барған

  • Бұлай амандасу қадамына бабаларымыз Елді жемқорлық жайлап кетпесін, деген оймен барған

    Бұлай амандасу қадамына бабаларымыз Елді жемқорлық жайлап кетпесін, деген оймен барған

Қазақ қазақ тілінде амандасқан, амандасады, амандаса береді.
Бұл байырғыдан келе жатқан амандасу.
Мысалы Махмұт Қашқари осыдан 10 ғасыр бұрын жазған "Түркі сөздігінде" АР сөзі бар. Бұл сөз қазақтың бәріне таныс.
Тарихтан белгілі, біздің бабаларымыз АР деген ұғымды өте биік бағалаған. Тіпті сонау заманнан бүгінге дейін жеткен "Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы" деген сөз бар.
"Армысыз", Армысың", Армаңыз", Ар ма" деп амандасу ұлтымыздың жүрегінен орын алған шұрайлы құндылық. Бұлай амандасудың астарында "АРың таза ма, біреудің ала жібін аттаған жоқсың ба" деген сұрақ тұр.
Бұлай амандасу қадамына бабаларымыз Елді жемқорлық жайлап кетпесін, деген оймен барған.
Қазағым, Еліміз аман болсын десек бабаларымызша амандасайық.
Бұлай ету әрі амандасу, әрі Ар тазалығына шақыру.
Алаштың ардақты ұлы Міржақып Дулатұлының қызы Гүлнәр апамыз қазақша амандасқан үлгісін оның жазушы Мұхтар Мағауинге жазған хатынан оқыдым:


АСА ҚЫМБАТТЫ БАУЫРЫМ МҰХТАР!
Ар ма!
22.04.09. Прагадан жолдаған мақалаң қолыма тиісімен бас көтерместен бір деммен оқып шықтым. Қатты қуанған халімді айтып жеткізе алмаймын. Шын жүректен ризамын саған.
...Биыл 23.04.09 күні өткен жаңалыққа көңіл бөлейін: Қадірлі әкем Міржақыптың киген, қолымда 80 жыл сақтап келген тайжақысын Жолдасбек басшылық ететін Астанадағы Орталық музейге сыйлыққа бергенім. Бұл үлкен сенсация болды. Радиодан берілді, теледидарға түсірілді, «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі келді, журналистер тобы жиналды. Беретін сыйлығымды қабылдау миссиясымен келген музейдің бас қор сақтаушысы Б.Санақұлованың толтырған актісіне қолымды қойып, М.Дулатов әкемнің тайжақысын табыс еттім. Ол минуттағы кешкен халімді айтпай-ақ қояйын, жеңіл тиген жоқ. Бірақ мені жұбатарлық әсер еткен, М.Жолдасбековтің маған жазған Алғыс хаты еді. Онда былай деген сөздерін қысқартып келтірейін: «Абылай ханның алтын зерлі қамқа тоны, Балуан Шолақтың кемер белдігі секілді құнды мұралармен бірге Орталық музейдің төрінен орын алып, ұлттық мәдениетімізді байытып тұратын болады!...»
Алдағы уақытта Міржақыпты тайжақысы Абылай ханның қамқа тонымен қатар музейдің төрінде ілулі тұрса, бұдан артық қандай құрмет-сый болуыш еді?! Қуанам. Мақтанам.
...Құшақтап сүйдім,
Гүлнәр Міржақыпқызы Дулатова. 328-330 бб.
Кітап: Дулатова Гүлнәр Міржақыпқызы. Алаштың сөнбес жұлдыздары. Алматы. «Мектеп». 2010.

Бердалы Оспан

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 537    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.01.2021, 11:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Қаңтар, 09:52
    Өлім оған - Бостандық
    31 Желтоқсан 2020
    Кто бинабат?
    17 Желтоқсан 2020
    Жігіттер, мал болмайық!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31