Сен тұр - мен айтайын!

Бұндай алаяқтар қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды екен

  • Бұндай алаяқтар қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды екен

    Бұндай алаяқтар қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды екен

Өскеменде алаяқтар көбейіп бара жатыр. Жаңа пәтерге қоныстанған көршім, жихаз жасатпақ болып интернеттегі жарнама арқылы жихаз құрастырушыларды іздеп табады. "Инстаграмм" әлеуметтік желісіндегі жүктелген жихаздардың суреттерін, және сурет соңына қалдырылған клиентердің жағымды пікірлерін де оқып танысады. Үйдің ішіндегі жихаз орнататын жерлерді "өлшеп-пішуге" қолдарына қағаз бен қалам, әртүрлі сызбалар мен өлшеуіш құралдар ұстаған үш жігіт келіп,жихаздарға тапсырысты сол жерде қабылдайды. Көршім қажет жихаздардың түр-түсі мен материалдарды да үлгілерге қарап таңдаған екен. Барлық жұмыстың құнын 800 мың теңгеге бағалаған әлгі үшеуі көршіме "келісім-шарт" деген бір құжатқа қол қою қойдырып, ал көршім 400 мың теңге ақшаны әлгілердің қолына ұстатып қоя беріпті. Одан кейін де олар көршіммен телефон арқылы бірнеше рет байланыста болып, бір аптадан кейін келіп үйіне шағын шкафты орнатып беріпті. Ал қалған жихаздарды жасауға қажетті материалдың Ресейден келмей жатқанын айтып кешірім сұраған. Кейіннен мүлде телефоны да сөндірулі болған. Жихазының келіскен уақыттан екі ай мерзімге кешіккеніне алаңдаған көршім өзінің алданып қалғанын кеш түсінген екен. Амалы таусылған көршім полиция арызданады. Бірақ көршімнің айтуынша бұндай алаяқтарға қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды екен.

Бұл бір жағдай ғана. Ал екінші жағдай одан да сорақы.

Туысының ауруханада қайтыс болғанын, мәйітті аудан орталығына жеткізу қажеттігін айтқан жігіт "Газель" көлігіне тапсырыс беріп, көлікті мәйітханананың жанына ертіп келеді. Біраз уақыттан кейін "Газельдің" шопырына қайтып келіп дәрігерлердің ақша сұрап жатқандығын, жолақысына қосып қайтаратынын айтып, жүргізушіден 20 мың тенге қарызға ақша сұрап алады да аурухана жаққа жүгіріп кетеді. Ойында ешқандай бөтен ойы жоқ жүргізуші әлгі жігітті бір сағаттан астам уақыт сағат күтіп, кейіннен алданып қалғанын білген.

Дәл осыған оқиға Өскемен-Қалбатау бағытына қатынайтын такси жүргізушісінің де басынан өткен. Туысының мәйітін жеткізіп беруді өтінген жас жігіт такси жүргізушісін дәл осы "әдіспен" 25 мың теңгеге алдап соққанымен қоймай таксистің ұялы телефонын да үптеп кетіпті.


Ермек Құрманғалитегі

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1619    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.04.2019, 10:32

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31