Сен тұр - мен айтайын!

Бұндай жағдай тек апокалипсис кезінде болады екен

  • Бұндай жағдай тек апокалипсис кезінде болады екен

    Бұндай жағдай тек апокалипсис кезінде болады екен

Кеше бір дәрігер досым айтады "менің қабылдауыма бір науқас келді, оған осындай дәрі алыңыз деп ем - дом дәрі жазып берсем, ол "е тәйірі, менде үйде оның жиырмасы жатыр, ана түрінің оны жатыр, мынаның бесеуі бар" депті.
Мен оған таңғалып "ол дәрілерді неге ала бергенсіз, ол дәрілер тек дәрігердің нұсқауымен ғана жазылатын дәрі емес пе" десем, ол "қайдан білейін, мындай індет кезінде артық болмайды, жата берсін үйде деп толтырып алып қойдық" депті анау.

Одан соң аптекада дәрі жоқ дейміз.

Карантин басталғанда "магнумдардағы" макарондарға лап беріп оны тып типыл қылдық.

Қазір бізді - бұқараны тек қара бастың қамын ойлау сезімі басты. Бұндай жағдай тек апокалипсис кезінде болады екен.

Кеше Шымкентте жергілікті билік бір мектеп орынын індет жұқтырған науқастар үшін босатып береміз деген екен.
Оған сол райондағы тұрғындар қарсы шығып жатыр мыс. "Бізден аулақ басқа мектепке барсын, бізге жұқтырмасын" депті.
Вирусты ауыздықтап отырған бірден бір мемлекет Оңт Корея індетке қарсы күресте мектеп, әкімшілік ғимараттарды науқастар үшін босатып көптеп пайдаланыпты. Онысы дұрыс бопты.
Бұл әлемдік тәжірибе.
Бірақ біздің қазекеңдікі "бізге емес басқаға жұқтырыңдар" дегенге келеді.
Тағы сол апокалипсис синдромы.

Мен қазағымды шексіз сүйемін, бірақ соңғы кезде, осы індет кезіндегі тәртібің ұнамай жүр ау, ұнамай жүр.

facebook.com  парақшасынан 




Көрілген: 3066    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.06.2020, 14:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31