Сен тұр - мен айтайын!

Бұндай креативті, бірақ әсерлі акцияларды өткізу үшін азаматтық қоғам жетіліп, пісуі тиіс

  • Бұндай креативті, бірақ әсерлі акцияларды өткізу үшін азаматтық қоғам жетіліп, пісуі тиіс

    Бұндай креативті, бірақ әсерлі акцияларды өткізу үшін азаматтық қоғам жетіліп, пісуі тиіс

Кейде күрес нәтижесіз болса, онда күресті тоқтатудың қажеті жоқ, тек күресу әдісін өзгерту керек. Бельгия дәрігерлері бірнеше апта бойы билікке өз наразылығын білдіріп келді. Бірақ нәтиже шамалы еді. Міне, олар наразылықтың түрін өзгертіпті.
Кеше Бельгиядағы Сант-Пьер ауруханасына күтпеген жерден премьер-министр Софи Вилмес келіпті. Сол сәтте алдынан құрақ ұшып (біздегі сияқты) жүгіріп шығуға тиіс дәрігерлер мен медбикелер, аурухананың өзге де қызметкерлері премьерге қарамай, артқа қарап, адамдардан арнайы дәліз жасаған. Бұл дәлізбен жүріп өткен премьер көлігіне ешкім бұрылмаған. Акция аурухана қызметкерлері мен дәрігерлердің премьер саясатына деген қарсылығын білдіреді. Олар бұрын қаржы, ал қазір премьер-министр болып отырған Софи Вилместің вирусқа қатысты шешімдеріне риза емес. Аурухана қызметкерлеріне жағдай жасалмаған деп санайды. Бүгінде Бельгияда вирустан 10 мыңға жуық адам көз жұмған.
Керемет қарсылық. Үнсіздік. Бірақ бұдан артық жеткізу қиын шығар. Үнсіз болса да, осы жолы Бельгия дәрігерлерінің үнін күллі әлем естігені анық. Бұндай креативті, бірақ әсерлі акцияларды өткізу үшін де азаматтық қоғам жетіліп, пісуі тиіс. Қоғам үні бір сәтте бір жерден шығуы міндет.
Мысалы бізде осындай болуы мүмкін бе? "Болсын" деп үгіттеп тұрған жоқпын, тек мысалға келтіріп жатырмын. Менің ойымша жоқ. Министр көлігі қақпадан кірген сәтте-ақ, қарсылардың тең жартысы елпеңдеп алдынан атып шығатынына сенімдімін. "Жұмыстан айырылып қаламын ба" деп қорқады. Сондықтан бізге әлі біраз уақыт керек. Демократияның пісіп, жетілуі үшін, азаматтық қоғамның аяқтан нық тұруы үшін. Демократия да жайдан жай қалыптаса қалмайды. Экономика дамыған сайын, халық тек бір жұмысқа, не бір жалақыға ғана қарамайтын сәтке жетіп, үйлі-күйлі болғанда ғана, оның қоғамдағы мәселелерге деген үні жарқын бола бастайды.

Асхат Қасенғали
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 794    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.05.2020, 11:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30