Сен тұр - мен айтайын!

Бұндайлар бір күн ешкі, бір күн теке болып жүріп піштірілгеннен кейін халық жадында сақталмайды

  • Бұндайлар бір күн ешкі, бір күн теке болып жүріп піштірілгеннен кейін халық жадында сақталмайды

    Бұндайлар бір күн ешкі, бір күн теке болып жүріп піштірілгеннен кейін халық жадында сақталмайды

ТАЛАНТ

(бұрынырақ жазылған екен)


Бұл не деген талант, ә-ә-ә! Талант болғанда да сұмдық! Иә, иә ! Сұм-дық! Лезде “Ешкіні – апа, Текені – жезде” қылып ала салады. Ертеңдері Мынаған бір күн текелік ету үшін, бүгіндері Анаған екі күн ешкі болудан арланбайды. Та-ала-ант! Онысын жұрт көріп-біліп жүргенін, өзі де біле тұра шіреніп жүретінін қайтерсің. Үнсіз шіренеді ғой және. Сырты сұмдық – іші сұм. Сұмырай емес! Бүкіл конституция заңына сай келіп тұр. Сөзі орынды сияқты, іші-бауырыңа кіріп тұр. Жалт-жұлт етеді. Евроремонт! Бірақ іші қамыс-каркас. Орысшасы да ортадан аспайды, қазақшасы да тақұл-тұқыл. Екі жартыны бір бүтін қылып жүріп биікке шығу – үлкен талант. Талантына таң қаламын! Бірақ жеркенемін. Кейде қорқамын. Әй, бірақ, менің бұндайлардан қорқуымнан гөрі, олардың мендейлерден қорқуы әлде қайда басымдау ма деймін. Олар онысын сездірмейді, ал мен байғұс таңданатынымды да, жеркенетінімді де қорқатынымды да ауызша айтып қалуым былай тұрсын, сіздер оқысын деп қағазға да жазып отырмын ғой. Ал, жасай берсін текелігін әзірше. Бұндайлар бір күн ешкі, бір күн теке болып жүріп піштірілгеннен кейін халық жадында серке болып сақталмайды.


Мухамбедия Ахмет-Төре

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 4822    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.11.2019, 12:37

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қаңтар, 12:10
    Күйдірдің ғой ит-ай!
    31 Желтоқсан 2019
    Әкім болудан қорқамын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31