"Бұның жазғаны әлігі ағамыздікінен қалай екен, ә?"- деееп, ойланып қалғаным...

22 қазан 2020, 15:17

Көлікте фбны парақтап отырып "Кафка сыйлығының иегері" деген бір қаламгер жайлы жазбаны оқып қап, осыдан бірнеше жыл бұрынғы оқиға есіме түсіп кетті. Бір драматург ағамыз жоғарғы жақ арқылы пьесасын бергізді. (Облыстық театрларға кіл жоғарғы жақ арқылы пьесасын қойдыратын әдеті бар. Алматы мен Астанаға тісі батпайды білем) Тақырыбы атан түйедей болғанымен, алпыс бетке жуық мыжыма. Әдебиет бөлімін басқаратындықтан, пьесаның осалдығын талдап жазбаша түрде жауап бермеймін ба? Үлкен бастық шақыртып алып:"Кафка сыйлығының иегері жазған пьесаны жаратпайтындай сіз кімсіз?!?"- деп, жер-жебіріме жеткен. "Қазақтың тілі мен мінезін түсінбейтін адамға оңды-солды Кафка сыйлығын тарата беретін тізгінін ұстап отырған адамың біртүрлі екен-ау?!"- деп, іштей түйілген едім. Мына қаламгерді көріп, "бұның жазғаны әлігі ағамыздікінен қалай екен, ә?"- деееп, ойланып қалғаным.

Сая Қасымбек

Фейсбуктегі парақшасынан