Сен тұр - мен айтайын!

"Бүйткен медициналарың құрысын!" дедім іштей...

  • "Бүйткен медициналарың құрысын!" дедім іштей...

Кірпінің көзі

Қытайдағы қырғынды көріп отырып, енді "Қытай медицинасы", "Шығыс медицинасы", "Тибет медицинасына" бару - барып тұрған ақымақтық шығар! Былтыр Қытайдан келген бір жігітпен тілдесе қалғам. Әлгіндей, емдейтін орталығы бар. Онда ағылған жұртта есеп жоқ (ми да)). Сөйлесіп отырған жігіт бас дәрігер болып істейді. Ішкі Қытайда ғылыми медицинаны, одан соң халықтық медицинаны оқыпты. Дәріні көбіне шөп-шаламнан жасайтыны белгілі ғой. Әлгіге "осы қытайлар "ем болады" деп аюдың өтін, киіктің мүйізін, тіпті, жыланды да дым қоймайды ғой. Сендер де сондайларды пайдаланасыңдар ма?" деп сұрадым. Жалпы, ол мәселеде өз басым сұмдық скептикпін. "Жәндіктің бірдемесі ем болады" дегенге өлсем де сенбеймін! Жаратушы жәндікке әлгі мүшелерді өмір сүру үшін берді ғой! "Адамдвр емделсін, оған дейін сенде жүре тұрсын" деп емес! Сөйтсем, он бес жыл бойы медицина оқыған әлгі бала:"иә, ол рас! Мысалы, кірпінің көзі мен бауырынан дәрі жасаймыз. Емдік қасиеті мол жыланның бірнеше түрін сатып аламыз. Айта берсек, көп қой!..." дейді. Әңгімені тура осы жерінен үзіп жібердім. Көз алдыма кірпінің көзі келе қалды. Кеселіне шипа іздегендер де осыған сеніп, кірпінің көзін ішеді-ау! Бырр! Ас ішіп отырған жеріме құса жаздадым! "Бүйткен медициналарың құрысын!" дедім іштей.
Айтпақшы, осы оқиғаға дейін буын-буыны қатты ауыратын (артроздың ауыр түрі) бір адам бір жұмада осы клиникаға барып, ойнақтап кетіпті-міс. Соған сеніп, буыны ауыратын бір танысымды жібергем ғой. Оған Қытайдан шыққан бір уколды сатыпты. Әлгі дәрінің құрамында не бар екенін қазақшаға аудартқан екен, кәдімгі анельгетик боп шығыпты! Яғни, құрамында ауырғанды сездірмейтін жеңіл, медициналық есірткі болған ғой. Ал ондай дәрі біздің аптекаларда да толып тұр екен! Дәріні қойшы! Оның бір жөні болар. Кірпінің көзін айтшы! Жылан - жарқанатты жұтады, кірпі - жыланды жейді. Кірпіде коронавирус тұнып тұрған сияқты! Фу!)

Тоқтар Жақаш
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1360    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.01.2020, 08:58

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30