Бүйтіп жүре берсек, байсыз қалармыз...
– Кездестіңдер ме?
– Кіммен?
– Анау ше!
– Кім? Қайсысын айтасың? Вк-дағы ма?
– Енді қайсысын айтып тұрсың? ФБ-дағымен кездестім ғой. Ол мені, не мен оны ұнатпадым. Әйтеуір, екі ай виртуалды сөйлессек те, бір кездесуден соң жым болдық қой.
– Уотсап-тағыны айтамын. Смайликтердің барлығын жіберісіп, виртуалды гүлдердің барлығын алып болдың ғой. Торт жеп, кофе ішіп дегендей...
– А уотсап-тағыны айтасың ба? Иә, кездестік. Онымен үш ай сөйлестік қой деймін. Ақыры, нөмірімді кімнен алғанын айтпай қойды емес пе? Содан, жарайды деп кездесуге келістім. Байқұс, бір ай болды кездесуге шақырып жүргеніне. Мен өзімше «тормозить» етіп, әлгі жерде шелек болып, бармай жүргенмін ғой. Сосын, қойшы анаумен де, анаумен де кездестім. Бәрі виртуалды шешен, виртуалды сымбатты, ақылды екен. Реалды көргенде, бірден қашып кеткім келді. Олар да сөйтті ме білмеймін, бір кездескеннен соң, мүлдем жазыспай, байланысты үзе салдық қой. Мұнымен де кездесе салайын, нем кетіп барады деп ойладым да, келістім.
– А кездестің бе ақыры?
– Ол аналарға қарағанда "нормальный" екен. Басқалар сияқты виртуалда басқа, реалды өмірде басқа болып шыққан жоқ. Екеуі де бір адам екен. Гүлін ала келіпті. Бірге ас ішіп, әңгімелесіп, қайттық...
– Содан...?
– Бірақ ол да "не мой".
– «Немой?». Қалайша? Сонда сендер қалай сөйлестіңдер осы уақытқа дейін? Оның "ондай екенін" білмеп пе ең? Айтпап па еді? Сұмдық! Мынау виртуалды сөйлесу деген ваще керек емес негізі ше! А то монитордың ар жағында кім отырған да білмейсің. «Кто угодно», не болса соны жаза береді. А біз, солардың «сказкаларына» сеніп, аузымыз ашылып қала береді. Бүйтіп жүре берсек, байсыз қалармыз. Сені айтамын да, қалайша оның «немой» екенін білмей қалғансың? А уотсап-тан тек «переписка» жасап тұрғансыңдар ғой, иә? Туф, құрбым, ол үшін көңілің түспесінші. Жігітерден «ваще» көңілің қалған шығар, иә? Жоқ, түсінбеймін, қалайша ол шындықты айтпай, кездесуге шақырған. Ұят жоқ екен. Өзінің «немой» екенін айтуы керек еді ғой! «Как он мог!». Құрбым, біртүрлі болып отырған шығарсың. Кездесуде қалай сөйлестіңдер сонда? Қағазға жазып отырды ма? Қызық. Өзіңді ыңғайсыз сезінген шығарсың, да? Өтірік сурет қойып, өздері басқа адам болып шығатындар аздай, осындай да өтірікші адамдар болады екен, иә? Сұмдық!
– Не айтып кеттің сен?
– Ол «немой» екенін неге ертерек айтпаған деп ашуланып отырғаным... Ваще!
– Ол немой емес!
– Өзің айттың ғой, немой деп...
– Ол "не мой", яғни менің вкусымдағы емес екен деп айтып жатырмын...
– Ааа... ой, кешір... не ғой...
Мақпал Сембай
Facebook-тегі парақшасынан
Жұлдыз
Радиосы