Бүйтіп қазақ болғанымыз құрсын

15 мамыр 2022, 23:50

Жаңа үйіміздің ортақ чатында 166 адам бар. Қосылғаныма бір аптадай болды. Ананы-мынаны сұрап, бірдеңелерді талқылап жатады.

 

Ой, Құдайым-ай, орысша шүлдірлеген қазақтар. Нөмірі сақталмаса да, аттары жазулы тұрады, кіл қазақ. Бірақ қазақша сөйлеспейді бір-бірімен.

 

Қызыққа интернетті сылтауратып қазақша жазғам, бәрібір орысша жалғасып кетті. Біздің тіл ешкімге (қазаққа!) керек емес сияқты. Босқа күшеніп жүрміз-ау деп ойланып отырмын.

 

Бүйтіп қазақ болғанымыз құрсын.

 

 

Нұрболат Туысбайұлы

Фейсбуктегі парақшасынан