Сен тұр - мен айтайын!

Бүйтіп мұғалімдерді әуреге салып медаль, алғыс хаттарыңды бермей-ақ қойыңдар...

  • Бүйтіп мұғалімдерді әуреге салып медаль, алғыс хаттарыңды бермей-ақ қойыңдар...

    Бүйтіп мұғалімдерді әуреге салып медаль, алғыс хаттарыңды бермей-ақ қойыңдар...

  • Бүйтіп мұғалімдерді әуреге салып медаль, алғыс хаттарыңды бермей-ақ қойыңдар...

    Бүйтіп мұғалімдерді әуреге салып медаль, алғыс хаттарыңды бермей-ақ қойыңдар...

Ы. Алтынсарин медалімен марапатталдым! Құттықтап қойыңыздар!
Желтоқсан айы соңында жоғарыдан министрдің жаңа қаулысы бойынша адамдар хабарласты.
- Сәлеметсіз. Сізді Ы. Алтынсарин төсбелгісіне ұсынды.
- Бауыржан? Сен бе ойнап тұрған?
- Кешіріңіз, қайдағы Бауыржан?
- Не ойнап отырсың?
- Ойнап отырған жоқпын, сізден данныйлар сұрайын деп
- Не данный?
- Алтынсарин медалін алу үшін сізде мына нәрселер болу керек
- Иа айта беріңіз
- Жұмыс өтіліңіз?
- 15 жыл
- Онда 2 БАЛЛ
- Жоғарғысы неше балл?
- 30 жыл болса 6 балл. Ауылда жұмыс істеген соң 1 бал қосылып 2 балл болды. Кәсіптік қызметіңіз үшін қандай марапаттар алдыңыз?
- Енді жарыстардан алғандар бар, так...
- Әр марапат үшін 1 баллдан.
- Онда 4 балл деп жаза салыңыз
- Жақсы. Келесі БжҒМ алғыс хаты бар ма?
- Бар. 1 дана
- БжҒМ құрмет грамотасы?
- Жоқ
- Онда 0 балл. Үздік педагог атағыңыз бар ма?
- Иә, 2011 жылы алғанмын, ауданнан бірақ)
- Жарайды 5 балл.
- Шет мемлекеттер табыстаған алғыс хат, сыйлық, марапаттар бар ма?
- Ондайы да бар ма? Жоқ
- Иа бар. 0 балл онда. Санатыңыз? Жетістігіңіз? Педагогикалық тәжірибеңіз таратылды ма? Біліктілік курсында сабақ бердіңіз бе? Құжаты бар ма? Қандай мақала жаздыңыз? Қандай гранттар алдыңыз?
- Мынауың аттестация ма бір бәле болып кетті ғой! Медаліңізді алмай-ақ қояйыншы
- Енді қатысып тырысып көрсеңізші
- Әй одан да осындай етіп портфолио жинағаным жақсы. Категорияға ақы қосылады ғой. Құр темірді не істеймін. Рақмет.
- Алсаңызшы енді бірдеңе етіп, алсаңызшы, алыңызшы деген дауыстан оянып кеткенім. Үлкен ұлым: «әке қолыңызды алыңызшы, телефонымды алып алайын деп оятып жатыр екен....)))
ПЫСЫ: әр марапат пен алғыс хат, грамота, медальдарды алу үшін осындай процедурадан өту керек. Портфолионың өзіне уақыт тауып зорға өтіп жүрген мұғалімдер үшін азап екен. ))) Сабақты, білімді қойып медаль мен қағазға жұмыс атқармасаң. БжҒМ НОБД деген база бар. Сол жерге әр мұғалім жетістігін жариялап отырсын. Сол жерден автоматты түрде таңдап өздері бере берсін. Бұны бұрын министр алғаш келгенде айтқанбыз, әлі де айтамыз! Аттестацияға да көрінген қағазда сұрай бермей сол жерден алсын. Бүкіл мұғалімдер туралы деректер тұр сол жерде. Rustem Bigari түзесін, сол жерге енгізсін! Бүйтіп мұғалімдерді әуре сарсаңға салып медаль, алғыс хаттарыңды бермей-ақ қойыңдар...

Meirzhan Temirbek

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 5485    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.01.2021, 10:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Ақпан, 23:29
    Адал мен арсыз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31