Сен тұр - мен айтайын!

Біз бұта-талы қалыңдау бір қалқаға тоқтай салуға үйреніп қалғанбыз

  • Біз бұта-талы қалыңдау бір қалқаға тоқтай салуға үйреніп қалғанбыз

    Біз бұта-талы қалыңдау бір қалқаға тоқтай салуға үйреніп қалғанбыз

Марианские Лазни мен Карловы Вары курорттарының ара қашықтығы 53 шақырым. Мариянские Лазнидегі туристік компаниялар 13 пен 22 евро аралығындағы ақыға Карловы Варыға апарып қыдыртып қайтады.

Тапқан екенсің ақымақты, дедік құрбым екеуміз оларға:) Сөйттік те бар болғаны 66 чех кронына (2,6 €) билет алдық та, өзіміз-ақ пойызбен тартып отырдық.

Екі аралыққа бір ғана вагоннан тұратын шағын пойыз күніне сан мəрте қатынайды. Пойыз деген аты ғана. Темір жолмен жүретіндігі болмаса, нағыз автобус десе де болғандай. Жолай бірнеше станцияларға аялдап, жаймен жылжып отырып, бір сағаттан аса уақытта Карловы Варыға келіп жетеді. Пойыздың алдында да артында да тұмсығы бар. Алға жүргенде жүргізуші - алдыңғы тұмсығына, кері қайтқанда артқы тұмсығына отырады да, айдап жүре береді.

Тағы бір ерекшелігін айтсам күлесіздер-ау!) Мейлі енді, өздеріңіз біліңіздер, мен айтпай тұра алмаспын. Бір сағаттан сəл ғана көп уақыт аралыққа қатынайтын шағын вагонетканың ішінде дəретхана бар. Біз болсақ, бір сағатқа шыдамайтындай не көрініпті соншама дей салар едік:)) Жоқ деңізші! Дей алмайсыз, əрине! Өзіңіз көзіңізге елестетіп көріңізші, Алматы мен Ұзынағаштың немесе Қапшағайдың, Есіктің арасына осындай пойыз жүргізіп қойғанын. Бəлкім бір кезде жүретін де болар. Əй, бірақ ішінде дəретханасы бола қоймас:)) Біз кем дегенде 200 шақырым жүріп барып, айдаладағы ароматы аңқыған антиквариат дəретханаға, болмаса бұта-талы қалыңдау бір қалқаға тоқтай салуға үйреніп қалғанбыз. Ауру қалса да əдет қалушы ма еді?) Оның үстіне кіре берісте бір-екі бүктеген қоңыр қағазын 40-50 теңгеге бұлдап, күндіз-түні тапжылмай отыратын "кезекшілерді" жұмыссыз қалдырсақ обал емес пе?) Бəрін айт та бірін айт, француз əтірі секілді көпке дейін танауыңда тұнып тұратын "хош" иісті қайдан таппақпыз?)

Қойшы, құрысын, дəретхананың жыры бітпейтін болды ғой!)) Қайдан бітсін? Жабайы тірліктің əбден қорлығы өтті:) Сонымен тұрмай дамыған елдер қатарына ұмтылмақпыз. Бірақ жүрген-тұрған жерімізді дені дұрыс дəретханамен қамтуға шамамыз да санамыз да жетер емес.

Суретте: постқа арқау болған пойыздың іші мен сырты.




Гүлмәрия Барманбекова

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 1707    Пікірлер: 0

жұма, 05.04.2019, 11:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Маусым, 10:10
    Ринат жайлы ойым
    7 Маусым, 12:06
    Ауырмайды жүрек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31