Сен тұр - мен айтайын!

Біз черно-белый телевизор сияқтымыз

  • Біз черно-белый телевизор сияқтымыз

    Біз черно-белый телевизор сияқтымыз

Біз тез шешім қабылдайтын қоғамбыз. Ойланып отырсам, біз черно-белый телевизор сияқтымыз. Бізде супер қаһарман болады және ұлт сатқыны болады. Қалған бұқара осы екі меженің арасында, қылкөпірдің үстінде жүргендей жүр.

 

Мысалы Иманғали Тасмағамбетов, Әміржан Қосанов, Бекболат Тілеухан, Мұхамеджан Тазабек, Мәулен Әшімбаев, Мұхтар Жәкішев, Тоқтар Әубәкіров сияқты тұлғалар бар.

 

"Ел үшін ештеңе жасамады" деуге тіл бармайды. Әр қайссысы тарихта қалады. Қалай қалатыны басқа әңгіме. Әр қайссысы қазақ ұлты үшін қызмет етті және қызмет етіп жатыр. Болашақта қызмет етеді де. Бірақ әр қайссысы өз кезеңінде дүдәмалдау жағдайға түсіп қалды. Қоғам түтіп жеді.

 

* Имекең комсомолдың 100-жылдығына қатысып, латын әліппесіне күмән білдірді.

 

* Әбекең президент сайлауында ертерек жеңілісін мойындап қойып, жақтастарының ашу-ызасының астында қалды.

 

* Бөкең мен Мұхамеджан ағалардың жырын айтпаған адам қалмады. Бұл екі кісіні не өте жақсы көреді, не жек көреді (Бөкеңнің сөзі).

 

* Мәулен ағамыздың жылдар бойы қазаққа қызмет қылғанын, Аштық туралы бір ауыз сөзі шайып кете жаздады.

 

* Мұхтар ағамызды түрмеден шыққанда, "қазақша сөйлемеді, оппозицияға қосылмады" деп ит терісін басына қаптағандар да болды.

 

* Тоқтар ағамыздың ғарыштағы бірінші қазақ болғанын, Қазақстанды ғарышқа адам жіберген 20 мемлекеттің арасына қосқан еңбегін, бір "браконьерсың!" деген мақала басып кеткендей болды.

 

Жоғарыда атап өткен тұлғаларға еш қатысым жоқ. Кейбіреуін өмірде көрмедім де, алайда осы ел алдында жүрген тұлғаларды түтіп жеп, кекетіп, мұқатып жатқан адамдарды көргенде қынжыламын.

 

 

 

Samat Nordman Nurtaza

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1199    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.03.2021, 20:26

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 10:41
    29 жыл ғана қалды
    26 Наурыз, 10:31
    Не дейін, не дейін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31