Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Біз қашан осыны түсінеміз, сол сәтте шынайы алға жылжу болады...

05 қараша 2019, 15:22

Біз үнемі Жапония сияқты ел болуды армандап, сөз етеміз. Алайда біздің санамыз, мәдени деңгейіміз бен отансүйгіштігіміз, ұлтшылдығымыз сол деңгейге жетті ме?

Мысалы Жапонияда аула сыпырушы деген ең құрметті қызметтің бірі. Өйткені ол қызмет иелерінің арқасында жапон халқының даму деңгейі мен мәдениетін әлем халқы білетін болaды деген түсінік бар. Қаншалықты аула сыпырушы өз қызметін жақсы атқарса, соншалықты қала таза. Демек туристің де "таза Жапония" жайлы ойы қалыпты болады деген сөз. Сол үшін де олар ай сайын аула сыпырушыға 2200 доллардан жалақы береді.

Жапонияда көптеген компания басшылары өз компанияларының алдын өздері сыпырады. Оны бір жағынан жаттығу санаса, екінші жағынан тазалықты өздері тікелей қадағалауды ұнатады. Әрине ондай компанияларда аула сыпырушылар да қызмет етеді.

Ал енді біздің қоғамға қайта оралайық. Көптеген жандар аула сыпырушыны көрсе, оны қоғамның ең төменгі табы я өмірде жолы болмаған жан санайды. Өйткені біздің қоғам үшін жетістіктің басты белгісі аула сыпыру, ыдыс пен көлік жуу, даяшы мен күзетші, жүк тасушы болмау арқылы өлшенеді. Қоғамдағы көп адам аталған қызмет түрлерiнің бар болғаны жұмыс екенін ескере бермейді. Қоғам үшін ұстаздың, дәрігер мен өрт сөндірушінің маңыздылығы қандай болса, еден жуушы мен аула сыпырушының маңыздылығы да дәл сондай. Біз қашан осыны түсінеміз, сол сәтте шынайы алға жылжу болады. Ал оған дейін шай басында "Жапония сияқты қашан боламыз" деген әңгіме жалғаса бермек.

Суретте ірі супермаркет басшысы ауласына түскен қоқысты тазалап отыр. Біздің ғасыр, Жапония.

Асхат Қасенғали
Фейсбуктегі парақшасынан