Сен тұр - мен айтайын!

Біз қашан шын өнерді түсінер екенбіз...

  • Біз қашан шын өнерді түсінер екенбіз...

    Біз қашан шын өнерді түсінер екенбіз...

Мейлі, эстрада болсын, ол да өнер. Бірақ осыдан-ақ біздің, жалпы бұхараның өнерді қалай парықтап, қалай бағалайтыны байқалып қалды. Осындай конкурстарда халыққа телефон арқылы дауыс бергізу -- жалпы үлкен қателік. Бүкіл халық жиылып кәсіби төреші болады дегенді өз басым түсінбеймін. Абайдың "тобырда ақыл жоқ" дейтіні сол -- кеше кәсіби өнер мен халтураны ажырата алмадық. Ненің құнды, ненің құнсыз екенін білуден қалыппыз. Халықтың дәл осы деңгейге түсуіне алдымен бүкіл Қазақстандағы телеарналар кінәлі және журналистердің үлесі бар (барлығы емес әрине, бірақ журналист деген атқа кір келтірді). Себебі, дарынды ма, дарынсыз ба, талант па, басқа ма, қолына микрофон ұстап фонограмма айтқанның бәрін өліп-өшіп насихаттады. Соңы гардероб, шифонер, киімдеріне дейін көрсетілді. Тұрсиға жетпей қалдық әйтеу. Біздің телеарна мен ондағы журналистің талғамы осы болғасын, сол телеарнаны көріп отырған халықтан не сұрайсың?
Баяғыда Димаш алғаш рет айдай әлемге жарқ ете қалғанда, өзім қатысқан бір диспутта "Димаштың әні қиын, оған "Ақмаржан" секілді билей алмайсың, айғайлай береді" деп, біздің сорлы қазақ өнерді бүгінгі тоймен өлшеп, бимен пішіп еді. Димаштан кейін де өскеніміз шамалы боп тұр. Жақсы болсын, жаман болсын, кешегі ЕГІЗ ЛЕБІЗ телеконкурсының жеңімпазы Маржан Арапбаева мен Мейірғат еді. Ол жердегі қазылар өз бағасын осы екеуіне беріп отыр, бірақ халықтан түскен дауыс бәрін керісінше қылды... Қайта Жігер Ауыпбаев өздерінің бұл орынға лайық емес екенін мойындады. Біз қашан шын өнерді түсінер екенбіз. Ал ұлттық музыканың жөні мүлде басқа...

Еркін Шүкіман

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2046    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.06.2021, 02:19

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Маусым, 12:47
    Маска шоуына бес тиін
    6 Маусым, 09:53
    Не деген феминизм,ә?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31