Сен тұр - мен айтайын!

Біз қазір ұзақ жылдар бойы асқынған аурудың салдарын көріп жатырмыз

  • Біз қазір ұзақ жылдар бойы асқынған аурудың салдарын көріп жатырмыз

    Біз қазір ұзақ жылдар бойы асқынған аурудың салдарын көріп жатырмыз

Бұл індет қоғамның асқынған "ауруының", "жарасының" бетін ашты: сыбайлас жемқорлық, ашкөздік, дарақылық, тіпті, гуманитарлық көмектен де пайда табуға тырысу... бұл енді ең төменгі саты. Бұрын "анау жемқор ақымызды жеді, премия берілмеді, қалтасына басты, қызмет үшін осыншама сұрады" деп бәріне төзімділікпен қараушы едік. Бәрін бір құдайға тапсырушы едік. Енді жемқорлықтың, ақша жымқырудың қоғам үшін және біздің жақындарымыз үшін қаншалықты қауіпті екенін түсіндік. Басқа төзуге болмайды! Жемқорлық фактісі орын алса, әрқайсымыз күресуіміз керек. Өйткені бүгін біз күреспесек, ертең біреу қырқыншы үйін алар-ау, бірақ жүздеген, мыңдаған адамға қажетті дәрі, аппарат жетпей қалуы мүмкін... Бүгін біз күреспесек, ертең біреу шетелдің бәрін аралап келер-ау, бірақ жүздеген, мыңдаған адам жұмыстан қысқарып, күнкөріс көзінен айырылуы мүмкін. Қайбір жылы көршілес елдің бірінде дүрілдеген президенттік әулеттің байлығын жергілікті журналистер зерттеп, есеп-қисабын шығарса, бір ғана президент қызының уысында 300 мың (!) отбасына үй боларлық қаржы бар екен?! Біздің жаңалықтардан да ондай ашкөздіктің асқынған түрін есітіп-көріп жатамыз. Бұдан былай сана өзгеруі керек. Жемқорлыққа төзуге болмайды. Біз қазір ұзақ жылдар бойы асқынған аурудың салдарын көріп жатырмыз. Басқа елдер оңай еңсерген індетті жеңе алмай жатырмыз. Билік бұл індетпен күреске жұмсалған әрбір тиын үшін жауап беруі керек. Ел боп сәл ес жияйық, сосын әр нәрсенің сұрауы болады.

facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 1090    Пікірлер: 0

сенбі, 11.07.2020, 21:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Қыркүйек, 17:13
    Қоғамға кешірім өте ме?
    21 Қыркүйек, 10:15
    Мұндай еркек мүлде жоқ...
    11 Қыркүйек, 13:08
    АҚЫН ЕМЕС, ҚАТЫН КЕРЕК...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30